Архив событий

19/09/2017

Бала тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

19/09/2017

Қордай аудандық сотында   Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1 бөлігімен (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматша А.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Тараз қаласының №2 сотында «Электронды қылмыстық істің» кезекті жобасы жүзеге асырылды

19/09/2017

Бүгін «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында Жамбыл облысында Тараз қаласының №2 сотында республика бойынша алғаш рет бейнеконференц байланыс арқылы онлайн режимде, яғни күдіктіні сотқа алып келмей, қамақта ұстау бұлтартпау шарасын санкциялау сәтті өтті.

 

Кісі өлтіруге оқталғаны үшін 15 жылға сотталды

19/09/2017

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің (ары қарай ҚР ҚК-нің) 24-бабының 3-бөлігі - 99-бабының 2-бөлігінің 1 тармағымен  (адам өлтіруге оқталу), айыпталып сотқа берілген А-ға қатысты қылмыстық ісі қаралып аяқталды.

Алимент өндіру туралы талап медиация тәртібімен қысқартылды

19/09/2017

Тараз қалалық соты талапкер К.-нің жауапкер А.-дан өзін асырауға алимент өндіру туралы талап арызды медиация тәртібімен шешті. Талап қоюшы К. заңды некеден  03 желтоқсан 2014 жылы туылған ортақ бала Б. үш жасқа толғанға дейін асырауға материалдық көмек қажет болуына байланысты талап арызбен сотқа жүгінген.

 

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Мойынқұм аудандық сотында көшпелі азаматтарды қабылдау өткізеді

19/09/2017

2017 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 10:00 ден 12:00 ге дейін Мойынқұм аудандық сотының ғимаратында, Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев сот төрелігін жүзеге асыру сұрақтары бойынша, сот жүйесінің ашықтығын, мөлдірлігін және қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудан тұрғындарына жеке қабылдау өткізеді.