Сот жүйесінің ардагерлері туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы
Бұжықов Мұхан Төлебайұлы 1926 жылы 20 қыркүйекте Алматы облысы, Шілік ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. 1952 жылы Алматы қаласында Мемлекеттік Заң институтының құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
         1953 жылы Жамбыл қалалық нотариус мекемесінен тәжірибеден өтуші
         1954 жылы Жамбыл қаласының халық судьясы
         1955 жылы Жамбыл қаласы прокурорының көмекшісі
         1956 жылы Жамбыл қаласының адвокаты
         1958 жылы Жамбыл қаласы Орталық ауданының басшысы
         1964 жылы Жамбыл облыстық сотының мүшесі болған.
         1965 жылы Жамбыл облысы бойынша адвокаттар алқасының төрағасы
         1974 жылы Жамбыл қалалық сотының судьясы
         1982 жылы Жамбыл қаласы Орталық ауданы ұлттық сотының төрағасы
         1983 жылы Жамбыл облысы бойынша халыққа қызмет көрсету бөлімінің аға консультанты
         1989 жылы Жамбыл облысы бойынша адвокаттар алқасы  төрағасының орынбасары, Тараз қаласының адвокаты қызметтерінде аянбай еңбек етті.
Насреддин Хамзаев 1923 жылы 20 наурызда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Ұлы Отан Соғысының қатысушысы. 1949 жылы 2 жылдық Алматы заң мектебіне түскен. 1951 жылы Қазақ ССР Әділет министрлігінің жолдамасымен Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, заңгері болып қызмет атқарған. 1956 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін Құқықтану мамандығы бойынша сырттай бітірген. 1967 жылы 1 қаңтарынан бастап бірінші Бас Арбитр болды. 1988 жылы зейнетке шықты. Зейнетке шыққан соң да, Жамбыл облысының мемлекеттік Арбитражында бас консультант болып Жамбыл облыстық сотына қосылғанға дейін қызметін  жалғастырды. Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, ҰОС-ның орденімен және әртүрлі ерлігі үшін берілген 15 медальмен марапатталған.
 
Құлашбекова Рахия 1947 жылы 20 желтоқсанда Жамбыл облысы, Шу ауданында дүниеге келген. 1998 жылы «Әділет» құқықтық Жоғарғы мектебін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылдан бастап сот саласында қызмет еткен. Жамбыл облыстық сотының бас маманы, 2002 жылы ұйымдастыру және талдау бөлімінің бас маманы, 2003 жылы соттарды бақылау және құжат айналым бөлімінің меңгерушісі, 2003-2007 жылдар аралығында №2 Тараз қалалық сотының судьясы қызметтерінде болды.
 
Әлімжанова Хапиза Сәтбергенқызы 1948 жылы 1 қаңтарда Жамбыл қаласында дүниеге келген. 1981 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Көптеген жерде қызмет атқарған, соның ішінде 1981 жылы Манас ауданының заңгері, 1982 жылы Орталық аудан адвокаттығынан тәжірибеден өтуші, 1985 жылы Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, 1993 жылы Сарысу аудандық құқық саласы бойынша мәлімет беруші бөлімінің меңгерушісі, 1997 жылы Қаратау қаласының адвокаты,  2000 жылы жеке меншік адвокаттар мекемесінің адвокаты, 2003 жылы Талас ауданының адвокаты, 2003 - 2007 жылы Қордай аудандық сотының судьясы қызметтерінде болды.
 
Садыгулов Нарымбек Садыгулович, 1952 жылы 27 қарашада  Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылында туылған.
1983 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп «заңгер» біліктілігін алған.
Мамандығы бойынша еңбек жолын 1983 жылы Жамбыл облыстық сотының мүшелігіне тағылымданушы болып бастаған.
1983-1987 жылдары халық депутаттары Жамбыл облыстық атқару комитетінің кәмелетке толмаған жастар ісі бойынша комиссияның жауапты хатшысы, орындауды бақылау бойынша референт қызметтерін атқарған.
1987-1990 жылдары Жамбыл қаласы, Зауыт аудандық сотының  халық судьясы болып сайланған.
1990-1991 жылдары Жамбыл облысының адвокаттар алқасының адвокаты, Жамбыл аумақтық мемлекеттік мүлік жөніндегі комитетінің бас маманы қызметтерін атқарған.
1992-1995 жылдары  Жамбыл облыстық төрелік  сотының судьясы.
1996-2015 жылдары Жамбыл облыстық сотының судьясы қызметін атқарған.
 
Романова Лидия Васильевна, 1954 жылы 28 қарашада Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Марушинский ауданы, Ложкино ауылында дүниеге келген.
1984 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің «құқықтану» факультетін бітіріп, «заңгер» мамандығын алған.
Еңбек жолын 1972 жылы Жамбыл облыстық сотының машинка басушы болып бастаған.
1973 - 1977 жылдары Жамбыл облыстық сотының президиум хатшысы болған.
1978-1984 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің лаборанты болған.
1984-1985 жылдары Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының Зауыт аудандық  заң кеңесінің мүшесі болған.
1987 -1990 жылдары Жамбыл облыстық сотының мүшесі болған.
1996-2012 жылдары Жамбыл облыстық сотының судьясы қызметін атқарған.
 
Муратова Нурия Ибрагимовна, 1955 жылы 20 ақпанда Жамбыл қаласында туылған.
1980 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «құқықтану» факультетін бітіріп «заңгер» мамандығын алған.
Еңбек жолын 1973 жылы Жамбыл облыстық сотының  бірінші сатысының хатшысы болып бастаған.
1975 жылы Жамбыл облыстық сотының аға кеңесшісі қызметін атқарған.
1981- 1990 жылдары Жамбыл облыстық сотының мүшесі болған.
1996-2013 жылдары Жамбыл облыстық сотының судьясы болып қызмет атқарған.
 
Нарматов Ануарбек Артыкбаевич, 1948 жылы 22 желтоқсанда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылында  туылған.
1972 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді мемлекеттік университететінің «құқықтану» мамандығын бітіріп «заңгер» біліктілігін алған.
Еңбек жолын 1972-1979 жылдары Меркі аудандық прокуратурасының тергеушісі, одан әрі Жамбыл облыстық прокуратурасының аға көмекшісі қызметтерін атқарған.
1980 жылы Жамбыл облыстық сотының мүшесі болып сайланып,    1982-1987 жылдары  Жамбыл қаласы Орталық аудандық сотының халық судьясы болған.
1990-1996  жылдары Жамбыл қаласы Орталық аудандық халық сотының төрағасы қызметін атқарған.
1996-2002 жылдары Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы қызметін атқарған.
2002-2007 жылдары Тараз қалалық сотының төрағасы болған.
2007-2012 жылдары Байзақ аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған.  
2012 жылы отствакаға шыққан.
 
Мыркалыков Дуйсен Ушкемпирович, 1950 жылы 1 ақпанда Жамбыл  облысы, Жамбыл ауданы, Бірлесу-Еңбек ауылында туылған.
1972 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді мемлекеттік университетінің «құқықтану» факультетін бітіріп «заңгер» мамандығын алған. 
Мамандығы бойынша еңбек жолын 1972 жылы Жамбыл облысы, Луговой аудандық прокуратурасының тергеушісі болып бастаған.
1977- 1981 жылдары Жамбыл облысы Красногор аудандық прокуроры, 1981-1985 жылдары Мойынқұм аудандық прокуроры, 1985-1988 жылдары Жамбыл облыстық прокуратурасының тергеу басқармасының прокуроры, 1988-1992 жылдары Орталық аудандық прокурорының көмекшісі қызметтерін атқарған.
1993-2013 жылдары Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов  аудандық сотының судьясы қызметін атқарған.
 
Баймолдин Канат, 1950 жылы 12 қаңтарда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қошқарата ауылында туылған.
1978 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің «құқықтану» факультетін бітіріп, «заңгер» мамандығын алған.
Еңбек жолын 1977-1979 жылдары Жамбыл қаласының «Казгалантерейторг» базасының заңгері болып бастаған.
1979-1993 жылдары Жамбыл облысының атқару комитетінің  Мемлекеттік арбитражының мемлекеттік арбитрі болған.
1993-1995 жылдары Жамбыл облыстық арбитраждық сотының төрағасы қызметін,
1996-2002 жылдары Жамбыл облыстық сотының шаруашылық істер жөніндегі алқасының төрағасы,
2002-2013 жылдары  Жамбыл облыстық сотының судьясы қызметін атқарған.
 
Калентьева Людмила Петровна, 1951 жылы  31 қазанда Алматы облысы, Қаскелен ауданы, Елтай ауылында дүниеге келген.
1977 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «құқықтану» факультетін бітіріп, «заңгер» біліктілігін алған.
Еңбек жолын 1969 жылы Жамбыл қалалық халық сотында  сот мәжілісінің хатшысы болып бастаған.
1970-1971 жылдары  мұрағатшысы,
1971-1974 жылдары сот мәжілісінің хатшысы,
1974-1977 жылдары Жамбыл атқарушылық комитетінің әділет бөлімінің  кеңесшісі,
1977 -1984 жылдары Жамбыл қаласының, Орталық аудандық Заң кеңсесінде қорғаушы.
1984 -1990 жылдары Жамбыл облыстық сотының мүшесі болған.
1990-1993 жылдары Жамбыл облыстық сотының алқа төрағасының орынбасары,
1993-1996 жылдары Жамбыл облыстық сотының  азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы болған.  
1996-2010 жылдары Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы қызметін атқарған.
2010 жылы отставкаға шығуына байланысты босатылған.
  
Иовов Эдуард Александрович 1953 жылы 12 желтоқсанда Жамбыл қаласында туылған.
1979 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік Университетінің «құқықтану» факультетін бітіріп, «заңгер» біліктілігін алған.
1979-1981 жылдары Мәскеу қаласының «Промсвязь» заводының заң кеңесшісі болып бастаған.
1981-1983 жылдары Жамбыл қалалық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған.
1983-1987 жылдары Жамбыл қаласы, Орталық аудандық халық сотының судьясы болған.
1987-1988 жылдары Жамбыл қаласы атқару комитетінің облыстық әділет басқармасының бастығының орынбасары қызметін атқарған.
1990-1996 жылдары Жамбыл қаласының Зауыт аудандық халық сотының төрағасы  болған.
1996-2002 жылдары Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы болған.
2002-2007 жылдары Жамбыл облыстық сотының төрағасы болып тағайындалған.
2007-2009 жылдары Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы болған.
2009-2016 жылдары Жамбыл облыстық сотының судьясы қызметін атқарған.
2016 жылы отставкаға шығуына байланысты босатылған.
 
Жұмахметова Зина Мырзағалиқызы, 1950 жылы 21 желтоқсанда Жамбыл облысы, Свердлов ауданында туылған.
1976 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «құқықтану» факультетін бітіріп «заңгер» біліктілігін алған.
1969-1970 жылдары Жамбыл қалалық халық сотының сот мәжілісінің хатшысы болып бастаған.
1970-1976 жылдары Жамбыл қалалық Халық сотының  қылмыстық істер кеңсесінің хатшысы,
1976-1980 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің әділет бөлімінде аға кеңесші,
1980-1988 жылдары Жамбыл қаласының Зауыт аудандық заң консультациясында кеңесші,
1988-1989 жылдары Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының Зауыт аудандық заң консультациясында қорғаушы қызметтерін атқарған.
1989-1996 жылдары Жамбыл қаласы, Орталық аудандық Халық сотының судьясы болып сайланған.
1996-1998 жылдары Жамбыл қалалық сотының судьясы болған.
1998-2010 жылдары Жамбыл облыстық сотының судьясы қызметін атқарған.
2010 жылы отставкаға шыққан.
 
Бекеева Жұмакүл Таяубайқызы, 1959 жылы 6 ақпанда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында туылған.
1984 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университетінің  «құқықтану» мамандығын бітіріп, «заңгер» мамандығын алған.
1985-1992 жылдары Қаратау қаласының нотариалдық конторасының нотариусы қызметтін атқарған.
1992-1996 жылдары Қаратау қалалық Халық сотының әкімшілік және атқарушылық өндірісі бойынша судьясы  болып сайланған.
1996-2003 жылдары Талас аудандық сотының судьясы болған.
2003-2008 жылдары Талас аудандық сотының төрайымы қызметін атқарған.
2008-2011 жылдары Т.Рысқұлов аудандық сотының төрайымы, кейін судьясы қызметін атқарған.
2011-2017 жылдары Сарысу аудандық сотының судьясы қызметін атқарған.
2017 жылы отставкаға шығуына байланысты босатылған.
 
Дармурзаев Асылхан Исмаилович, 1949 жылы 24 наурызда Қызыл-Орда облысы, Джалағаш ауданы, Қара-Кеткен ауылында туылған.
1976 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «құқықтану» факультетін бітіріп, «заңгер» мамандығын алған.
1976-1977 жылдары Жамбыл облысының Жуалы аудандық прокуроры көмекшісінің тағылымданушысы болып бастаған.
1977-1979 жылдары Жамбыл облысы прокурорының жалпы қадағалау бойынша көмекшісі қызметін атқарған.
1978-1979 жылдың  Жамбыл облыстық прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарған.
1980-1981 жылдары Қазақстан Компартиясы Жамбыл облыстық Комитетінің әкімшілік органдары бөлімінің нұсқаушысы болған.
1987-1990 жылдары Жамбыл облыстық сотының  мүшесі болып сайланған.
1996-2012 жылдары Жамбыл облыстық сотының судьясы қызметін атқарған.
2012 жылы отставкаға шыққан.
 
Агулешова Айжан Шынтемировна, 1959 жылы 13 қаңтарда Батыс-Қазақстан облысында туылған.
1981 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің «құқықтану» мамандығын бітіріп «заңгер» біліктілігін алған.
1981-1983 жылдары «Жамбылсельстрой» құрылыс деталдері және конструкция комбинаты тресінің аға заң кеңесшісі болып бастаған.
1984-1993 Жамбыл өндірістік транспорт бірлестігінің заң кеңесшісі қызметтерін атқарған.
1993-1995 жылдары Жамбыл облыстық арбитраждық сотының судьясы қызметін атқарған.
1995-2015 жылдары Жамбыл облыстық сотының судьясы болған.
2015 жылы отставкаға шыққан.
 
Абуев Орынбасар Солтыулы, 1949 жылы 21 желтоқсанда Жамбыл облысы Шу ауданында туылған.
1983 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «құқықтану» факультетін бітіріп, «заңгер» мамандығын алған.
1972-1977 жылдары Шу аудандық Халық сотының сот орындаушысы болып бастаған.
1977-1985 жылдары Шу аудандық нотариалдық конторасының нотариусы,
1985-1990 жылдары Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының Шу аудандық заң кеңесінің  қорғаушысы болған.
1990-1999 жылдары Шу аудандық Халық сотының, кейін  Шу аудандық сотының судьясы болған.
1999-2009 жылдары  Мойынқұм аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған.
2009-2012 Шу аудандық сотының судьясы болған.
2012 жылы отставкаға шығуына байланысты босатылған.
 
Гедройц Валентина Федоровна, 1953 жылы 12 ақпанда Жамбыл қаласында туылған.
1980 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «заң» факультетін бітірген.
1971-1974 жылдары  Жамбыл қаласы Халық сотының мұрағатшысы, кейін сот мәжілісінің хатшысы  болып бастаған.
1975-1981 жылдары Жамбыл қаласының №1 нотариалдық конторасының нотариусы,
1981-1985 жылдары Жамбыл қаласының Әділет бөлімінің аға кеңесшісі.
1985-1987 жылдары Жамбыл қаласының №1 нотарилдық конторасының нотариусы,
1987-1994 жылдары Жамбыл қаласының Әділет басқармасының кеңесшісі, жетекші кеңесші, бас кеңесші қызметтерін атқарған.
1995 жылы Жамбыл қаласы Орталық аудандық халық сотының әкімшілік және атқару өндірісі бойынша судьясы,  1996 жылы Жамбыл қалалық сотының судьясы қызметін атқарған.
1996-1999 жылдары Тараз қалалық сотының Орталық сот учаскесінің судьясы, 2001 жылы Тараз қаласы №2 сотының судьясы болған.
2001-2010 жылдары Тараз қалалық сотының судьясы қызметін атқарған.
2010 жылы отставкаға шығуына байланысты босатылған.
 
Мырзакулов Макулбек Жапарбекович, 1964 жылы 2 қазанда Жамбыл қаласында туылған.
1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша «заңгер» біліктілігін алған.  
1985-1991 жылдары  Жамбыл облысының атқару комитетінің  Ішкі Істер Департаментінде қызмет атқарудан бастаған.
1991-1992 жылдары Жамбыл қаласы, Зауыт аудандық халық сотының сот орындаушысы болған.
1992-1995 жылдары  Жаңатас қаласының халық сотының судьясы болып сайланған.
1996-2011 жылдары Жамбыл облыстық сотының судьясы қызметін атқарған.
2011-2015 жылдары Тараз қалалық №2 сотының  төрағасы қызметін атқарған.
2015-2016 жылдары  Тараз қалалық №2 сотының  судьясы болған.
2016 жылы  отставкаға шығуына байланысты босатылған.
 
Жаржанова Улбеке Нышановна,   1958 жылы 13 мамырда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Красный октябрь ауылында туылған.
1982 жылы С.М.Киров атындағы  Қазақ мемлекеттік университететінің құқықтану факультетінде білім алған.    
1983-1991 жылдары Жамбыл қалалық Зауыт аудандық заң кеңсесінің қорғаушы болып бастаған.
1991-1994 жылдары Зауыт аудандық заң кеңсесінің  меңгерушісі қызметін атқарған.
1994-1995 жылдары Зауыт аудандық халық сотының әкімшілік және атқару өндірісі бойынша судьясы,
1996-2002 жылдары Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының судьясы болған.
2002-2016 жылдары Жамбыл облыстық сотының судьясы қызметін атқарған. 2016 жылы отставкаға шығуына байланысты босатылған.
 
Кайманова Уалига Каймановна 1956 жылы 4 желтоқсанда Орал облысы, Фурманов ауданында дүниеге келген.
1979 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің құқықтану факультетінде білім мен мамандық алған.
1979-1985 жылдары Жамбыл облыстық біріккен авиакәсіпорнында заң кеңесшісі болып бастаған.
1985-1987 жылдары  Жамбыл өндірістік сүт өнеркәсібі бірлестігінде заң кеңесшісі,
1987-1990 жылдары Жамбыл облысы Орталық аудандық атқару комитетінің заң кеңесшісі,
1991- 1995 жылдары жалпы бірлестіктің жұмысы бөлімінің жетекші маманы, бастығы болған.
1995-2000 жылдары заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бастығы, орынбасары, бастығы қызметтерін атқарған.
2000-2011 жылдары Тараз қалалық сотының судьясы болған.
2011-2015 жылдары Жамбыл облыстық сотының судьясы қызметін атқарған.
2015 жылы отставкаға шығуына байланысты босатылған.
 
Есенбай Абай Ерғалиұлы, 1958 жылы 3 тамызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Фурмановка ауылында туылған.
1980 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университететінің «құқықтану» факультетін бітіріп «заңгер» біліктілігін алған.
1980-1982 жылдары Маңғышлақ облыстық адвокаттар алқасының адвокаты,
1982-1993 жылдары Зауыт аудандық прокурордың көмекшісі,  прокурорының орынбасары, Қордай, Шу аудандық прокуроры қызметтерін атқарған.
1995 жылы Мойынқұм аудандық сотының Халық судьясы болып сайланып, кейін осы соттың төрағасы болған.
1996 жылы Жамбыл қалалық сотының судьясы болып тағайындалған.
1996-1999 жылдары Тараз қалалық сотының Орталық сот учаскесінің судьясы болған.
1999-2004 жылдары Тараз қаласы №2 сотының судьясы болған.
2004-2016 жылдары Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болған.
2016-2021 жылдары Жамбыл облыстық сотының судьясы қызметін атқарған.
2021 жылы отставкаға шығуына байланысты босатылған.
 
Утеулина Куляш Арыстановна, 1951 жылы 27 қарашада Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Ақыртөбе стансасында дүниеге келген.
1976 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «құқықтану» факультетін бітіріп «заңгер» біліктілігін алған.
1970-1971 жылдары  Жамбыл қалалық Халық сотының сот мәжілісінің хатшысы,
1976-1977 жылдары  Жезқазған Әділет бөлімінің аға кеңесшісі, мемлекеттік нотариалдық конторасының аға нотариусы қызметтерін атқарған.
1977-1979 жылдары  Жезқазған облысы Ағадыр аудандық сотының халық судьясы болып сайланған.
1979-1990 жылдары Жамбыл облыстық сотының мүшесі болып сайланған.
1996-2010 жылдары Жамбыл облыстық сотының судьясы қызметін атқарған.
2010 жылы отставкаға шығуына байланысты босатылған.
 
Кенжебеков Кенжегали Амирбекович, 1964 жылы 15 мамырда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ерназар ауылында туылған.
1989 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университететінің «құқықтану» факультетін бітіріп, «заңгер» біліктілігін алған.
2006 жылы  Мемлекеттік Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Экономика» мамандығын бітіріп, экономика бакалавры біліктілігі мен академиялық дәрежесі берілген.
1989-1997 жылдары Жамбыл облысының аудан, қалалық прокуратурасынада, прокурорының көмекшісі,  орынбасары, Тараз қаласының прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарған.
1998-2002 жылдары Шу аудандық сотының судьясы болған.
2002-2003 жылдары Тараз қалалық сотының судьясы,  
2003-2008 жылдары Жамбыл аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған.
2008-2010 жылдары Талас аудандық сотының төрағасы болған.
2010 -2012 жылдары Тараз қалалық сотының төрағасы қызметін атқарған.
2012- 2017 жылдары Жамбыл аудандық сотының судьясы болған.
2017-2020 жылдары Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы  қызметін атқарған.
2020 жылы отставкаға шығуына байланысты босатылған.