Алимент өндіру туралы талап медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық соты талапкер К.-нің жауапкер А.-дан өзін асырауға алимент өндіру туралы талап арызды медиация тәртібімен шешті. Талап қоюшы К. заңды некеден  03 желтоқсан 2014 жылы туылған ортақ бала Б. үш жасқа толғанға дейін асырауға материалдық көмек қажет болуына байланысты талап арызбен сотқа жүгінген. 
Сот  отырысы барысында тараптар бітімгершілік келісімге келіп, келісім бойынша жауапкер бала 3 жасқа толғанға дейін ай сайын жұбайын асырау үшін  30 000 теңге алимент төлеп тұруға міндеттелді. Өз кезегінде талап қоюшы алдында қойған талаптарынан бас тартады.
Сотта тараптардың өзара медиациялық келісімге келуіне байланысты, істі қысқартты. 
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
                                    
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі