Архив событий

26/09/2017

Меркі аудандық сотында «Мемлекетті тіл мемлекеттіктің негізі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

26/09/2017

Меркі аудандық сотында сот қызметкерлерінің, аудандық прокуратура, ІІБ-нің өкілдерінің,  қатысуларымен  «Мемлекетті тіл мемлекеттіктің негізі» тақырыбында семинар  сабағы өткізілді

Жамбыл аудандық сотында «Туылу фактісі тіркелмеген азаматтарды құжаттандыру барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

26/09/2017

Жамбыл  аудандық сотында «Туылу фактісі тіркелмеген азаматтарды құжаттандыру барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында соттың төрағасы Д.Толенбековтың, судьялары Х.Косалиеваның, Г.Алимкулованың,  Жамбыл ауданы прокуратурасының өкілдері М.Мыркалыковтың, Ж.Миралиеваның, Жамбыл аудандық Әділет басқармасының басшысы Н.Құлманованың, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Жамбыл аудандық бөлімінің маманы А.Әліпчееваның, аудандық ІІБ Көші-қон қызметінің жетекші маманы С.Қалжанованың, аудан әкімі аппаратының АХАЖ бөлімінің бас маманы Б.Жамбылбекқызының, аудан әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы А.Омарованың, адвокат Ф.Бекмухамбетованың қатысуымен  дөңгелек үстел өткізілді. 

 

Сарысу аудандық сотының мамандары Ш. Уәлиханов атындағы тұраққа барды

26/09/2017

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру шеңберінде, Сарысу   аудандық сотының қызметкерлері Арыстанды өзенінiң оң жағындағы Қарасу шатқалында орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы тұраққа  экскурсия  ұйымдастырды.