Облыс соттарында мемлекеттік тілге арналған іс-шаралар қатары өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Мемлекеттік тілде құжатайналымын жүргізу сапасын көтеру мақсатында, облыс соттарында судьялардың және мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен семинарлық сабақтар өткізілді.
Тараз қаласы №2 сотында «Тілі жоқ ұлттың –болашағы бұлынғыр» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Семинарға Тараз қаласы №2 сотының судьялары және мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
Өз баяндамасын судья Ф.Утешова қазақ халқының ақыны, әдеби зерттеуші ғалым, қоғам қайраткері, публицист Ахмет Байтұрсыновтың: «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» - деген сөзінен бастады.
Тіл қоғамның коммуникативтік функциясын жүзеге асыратын басты сипаттамаларының бірі екенін және казіргі кезде мемлекеттік тілде іс-құжаттарын жүргізу сапасына үлкен мән берілетіндігін айтты.
Мемлекеттік тілдегі құжаттардың сауаттылығын қамтамасыз етуге, мемлекеттік тілде құжаттамаларды жоғары дейгейде жүргізуге  қабілетті персоналдарды дайындауға бағыттталған іс-шараларға келген кезде, ойға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте, өндірісте және ғылымда орыс тілі сияқты белсенді түрде пайдаланылуы үшін барлық мүмкіндікті жасау қажет» деп айтқан сөздері түседі. Бүгінгі күнге біздің болашағымыздың ар-намысы,  үміті және ұмтылыстары болып табылатын мемлекеттік тілді дамыту мәселесі - ең маңызды әлеуметтік және саяси басымдықтарының бірі болды. Өйткені, тіл – мемлекеттігіміздің, жас ұрпақтың лайықты дамуының және барлық ұлттардың жарқын болашағының кепілі.    
Сондай-ақ, сөйлеу барысында судья статистикалық мәліметтерге сүйеніп, қазіргі уақытта мемлекеттік тілдің қолданылу аясы өткен жылдармен салыстырғанда өскендігін, алайда, бұған қарамастан мемлекеттік тілді пайдаланудыодан да арттыруға тырысуымыз қажет екендігін айтты. Өйткені мемлекеттік қызметкерлердің алдында мемлекеттік тілді қолдануды одан әрі кеңейту тапсырмасы тұрғанын және біздің осы тапсырманы іске асыруымыз қажеттігін атап өтті.
Сөзінің соңында Ф.Утешова әр мемлекеттің мемлекеттік тілі ол  мемлекеттің негізі мен белгісі болып табылады. Қазақ тілі мәртебесі бойынша мемлекеттік тіл болғандықтан, барлық мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілді білуі олардың басты міндеті мен жауапкершілігі екендігін айтты.
Жамбыл аудандық сотында «Ана тілім - айбыным» тақырыбында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында соттың мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен семинар сабақ өткізілді.
Кеңсе меңгерушісі А.Казкенов өз сөзінде сотты құжат айналымы тиісті деңгейде мемлекеттік тілде жүргізілуінің қажеттігіне тоқталып өтті.
Сонымен қатар, жұмыс барысында мемлекеттік тілдің қолданылуына қатысты туындайтын мәселелерді кеңінен талқылап, мемлекеттік тілдің сот саласында қолданылу сапасын арттыруды айтты.
Іс –шарада А.Казкенов Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сай, сотта мемлекеттік тілді қолдану бойынша жұмысына тоқталып, статистикалық мәліметтерді келтірді. 2017  жылдың  6 айында аудандық сотқа түскен кіріс құжаттарының 54,1 пайызы мемлекеттік тілде түскен, шығыс құжаттарының 80 пайыздан астамы мемлекеттік тілде жолданған. Мемлекеттік тілде 39 қылмыстық іс, 297 азаматтық іс, 231 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралған.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, туындаған сұрақтарды талқылады.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі