Жамбыл облыстық сотының төрағасы Мойынқұм аудандық сотында көшпелі азаматтарды қабылдау өткізеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
2017 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 10:00 ден 12:00 ге дейін Мойынқұм аудандық сотының ғимаратында, Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев сот төрелігін жүзеге асыру сұрақтары бойынша, сот жүйесінің ашықтығын, мөлдірлігін және қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудан тұрғындарына жеке қабылдау өткізеді.
Аудан тұрғындарына жеке қабылдауға алдын ала жазылу сұрақтары бойынша 8 (7264) 22-42-63 телефонына хабарласу қажет, электронды мекен-жай: 080206@sud.kz, 726-2760@sud.kz, өтетін орны: Мойынқұм аудандық соты, (Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі 54) жауапты тұлға Г.Рахимова.
                                                                                  
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі