Судьялыққа кандидаттар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

2024 жылы 8 ақпанда Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесімен облыстық сот судьяларының және оған теңестірілген судьяларының бос орындарына орналасу үшін (құқықтың жекелеген салаларындағы мамандар үшін) кезекті конкурс жарияланды.

Аталған конкурсқа қатысу үшін Жамбыл облыстық сотының жалпы отырысында және Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес отырысында кандидатураларын қарау туралы өтініштерін 726-0203@sud.kz және 726-0311@sud.kz    электрондық поштасы арқылы 2024  жылғы 22 ақпанға дейін жолдау қажет.

Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес отырысы 2024 жылы 23 ақпанда сағат 16.00-де өтеді.

Жамбыл облыстық сотының жалпы отырысы  2024 жылы 23 ақпанда сағат 17.00-де өтеді.