Сарысу аудандық сотында 2017 жылдың 8 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Н.А.Андабеков және жергілікті «Сарысу» газетінің  тілшісі К.Сүлейменова қатысты.
Брифинг барысында  соттың төрағасы  Н.А.Андабеков аталған кезеңде сотпен атқарылған жұмыстардың қорытындысын мәлімдеді.
2017 жылдың 8 айында аудандық сотпен  87 тұлғаға қатысты 74 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде 54 тұлғаға қатысты 42 айыптау үкімі шығып, 24 қылмыстық іс  медиация тәртібімен тоқтатылған.
Есепті кезеңде 87 тұлғаға қатысты 87 әкімшілік іс қаралып,  76 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалған. Медиация тәртібімен 4 әкімшілік  іс тоқтатылған.
Сондай-ақ, есепті кезеңде барлығы 706 азаматтық іс қаралып, 240 шешім, 415  сот бұйрығы  шығарылған, дауды медиация тәртібімен реттеу арқылы  18 азаматтық іс, татуласу келісімі арқылы 9 азаматтық іс тоқтатылған.
Дыбыс-бейне жазба кұралдарын қолдану арқылы 163 азаматтық іс,72 қылмыстық іс, 86 әкімшілік іс қаралған.
Есепті кезеңде Сарысу аудандық сотында 20 дөңгелек үстел, 41 семинарлық сабақ, 3 брифинг, 3 ашық есік күні өткізілген.
2017 жылдың 8 айында жергілікті «Сарысу» газетінде 58 мақала жарияланған.
Брифинг соңында сот төрағасы Н.Андабеков  БАҚ өкілінің  сұрақтарына жуап беріп, қатысқаны үшін алғысын білдірді.
                                                  
Қайнар: Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі