Архив событий

28/09/2017

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

28/09/2017
Қордай аудандық сотында   Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1 бөлігімен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азамат Д.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды

Байзақ аудандық сотында «Электронды қылмыстық істің» кезекті жобасы жүзеге асырылды

28/09/2017
Байзақ аудандық сотында «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында бейнеконференц байланыс арқылы онлайн режимде, ҚР ҚК-нің 296 бабының 4-бөлігімен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылыкты жасады деген күдікпен Д.-ке қатысты қамақта ұстау бұлтартпау шарасын санкциялау туралы іс-құжаты қаралды

Берешек сомасын өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібінде реттелді

28/09/2017
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «Ж» ЖШС-нің жауапкер «К Н» ЖШС-не қатысты 1 130 228 теңге қарыз сомасын және 182 616 теңге айыппұл сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды

Жамбыл облыстық сотының судьясы А.Әкетаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында ономастика комиссиясының отырысына қатысты

28/09/2017
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Мәмимен 2 маусым 2017 жылы «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты дөңгелек үстелдің қарарын іске асыру бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Жамбыл облыстық сотының судьясы Ардақ Әкетаев елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау бойынша ұсыныстарды қарау мәселелерімен ономастика комиссияның отырысына қатысты

Миграция бөлімінің бұрыңғы бастығына пара алғаны үшін 550 мың теңге айыппұл салынынды

28/09/2017
2017 жылдың 19 мамырында сағат шамамен 17:00 минутта, Луговой станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінің көші-қон бөлімшесінің бұрынғы басшысы М.К., мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам бола тура, Луговой станциясының теміржол бекетінің ғимаратында, Тәжікстан азаматы Д.Р., тасымалдап келе жатқан Тәжікстан азаматтарына тексеріс жүргізбеу үшін 11 000 теңге талап етіп, азамат С.К. арқылы жеке өзі алған

Ауғаныстан азаматы Жамбыл облысының Байзақ аудандық сотының ұжымына өз алғысын білдірді

28/09/2017
Сарыкемер ауылында тұратын Ауғаныстан Республикасының азаматы Джума Гулам Сахи, Байзақ аудандық соты төрағасының атына жазылған алғыс хатында туыстық қатынастарды анықтау туралы азаматтық ісінің обьективті қаралғаны үшін аудандық соттың ұжымына өз алғысын білдіріп, азаматтардың құқығын қорғаудағы асыл қызметтерінде мол табыс пен амандық тілеген