Кісі өлтіруге оқталғаны үшін 15 жылға сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің (ары қарай ҚР ҚК-нің) 24-бабының 3-бөлігі - 99-бабының 2-бөлігінің 1 тармағымен  (адам өлтіруге оқталу), айыпталып сотқа берілген А-ға қатысты қылмыстық ісі қаралып аяқталды.
Істің құжаттарына сәйкес, 30 мамыр 2017 жылы шамамен 11:00 сағатта, сотталушы А., алкогольды мас күйінде өзінің ата-енесінің үйіне келген. Осы үйде А.  мен жұбайы М.-ң арасында ұрыс болып, аяғында жұбайы М. бөлмеге кіріп кетеді. Сол кезде А. жұбайы М.-ға қасақана қаза келтіру қылмыстық ойы туындап, стол үстінде тұрған ас пышағымен қаруланып, оның артынан бөлмеге кіріп, қолындағы ас пышағымен жұбайы М.-ң оң жақ бүйірі тұсынан соққы салған.
Содан А. өзінің қылмыстық ойын аяғына дейін жеткізу мақсатында денесінің әр жерінен пышақпен соққы келтірген. Осы кезде қызы М.-ң жан дауысымен айқайлағанына анасы К. жүгіріп кіріп қызына араша түседі. Жәбірленуші К.-ны қазаға ұшырату қылмыстық ойы туындаған А. М.-ң үстінен тұрып, К.-ң оң жақ арқасынан бір рет соққы салған. Сөйтіп, К. жатын бөлмеден қашып шығып, аулада жұмыс жасап жүрген жолдасы У.-ы көмекке шақырған. К-ң бөлмеден шығып кеткенін пайдаланып А. жәбірленуші М.-ң сол жақ көкірегі тұсынан бір рет пышақпен соққы салған. Осы кезде даладан У. жүгіріп кіріп,
А.-ң басынан қолындағы күрекпен  екі рет ұрған. Басынан алған соққыдан А. есінен танып, екі адамды қасақана қазаға ұшырату ойын өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізе алмаған.
Соттың үкімімен А. ҚР ҚК-ның 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабының 1-бөлігі 1 тармағымен кінәлі деп танылып, оған 15 (он бес) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.             
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
                                                    
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі