Архив событий

20/09/2017

Талас аудандық Әділет басқармасында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге Талас аудандық сотының судьясы қатысты

20/09/2017

«Заң көмегі туралы» және «Заң көмегі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының  Заңдарының жобаларын ақпараттық сүйемелдеу, заң жобасының негізгі бағыттары талқыланған, Талас аудандық Әділет басқармасымен ұйымдастырылған дөңгелек үстелге Талас аудандық сотының судьясы Л.Дукенбаева, Талас ауданы Әділет басқармасының басшысы Р.Өміралиев, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары Н.Наргелов, Ж.Шормақов, А.Р.Амонова, нотариустер А.Тойшыбекова, Г.Ахметова,  Ж.Тулеулиев  және Талас АІІБ-нің аға  учаскелік инспекторы Е.Абзелбеков қатысты.

 

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы сот актілерін орындауға жолдау» тақырыбында семинарлық сабақ өтті

20/09/2017

Іс-шараға кеңсе меңгеруші Р.Әбдіқұлов, бас маман Ж.Шыршықбаев, бас маман –сот мәжілісінің хатшылары С.Әбілдаев, А.Адилов, жетекші маман А.Шымырбаев, сот приставы Б.Қамбатыров, психолог А.Қойбақова, мұрағатшы Г.Жақсыбаева қатысты.

Облыс соттарының қызметкерлері Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты мақаласын жүзеге асыру аясындағы іс-шараларға қатысты

20/09/2017

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған дөңгелек үстелге Тараз қаласы №2 сотының төрағасы Н.Жамашов, соттың судьялары А.Ділдабаев, А.Қорабаева, соттың мемлекеттік қызметкерлері және М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-ң оқу-ісі жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Б.Абдуалы, доцент, факультет деканы, филология ғылымдарының кандидаты Ә.О.Ыбрайым, филология ғылымдарының докторы, «филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі М.Р.Көпбаева, доцент, филология ғылымдарының кандидаты З.А.Құламанова мен М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-ң студенттері қатысты.

 

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында атқару парақтарын электронды түрде жолдау мәселелері талқыланды

20/09/2017

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мемлекеттік қызметшілердің арасында «Атқару парақтарын электронды түрде жолдау механизмі» тақырыбында семинар өткізілді.