Жалпы отырыс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы
 
 
Жамбыл облыстық сотының
жалпы отырысының  13.09.2023 жылғы №3 қаулысымен   БЕКІТІЛГЕН
 
 
Жамбыл облыстық соты жалпы отырысының және кеңейтілген жалпы отырысының
РЕГЛАМЕНТІ
 
I. Тарау. Жалпы мәселелері
 
1 тармақ. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен     судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес (әрі қарай-Конституциялық заң) жалпы отырыс және кеңейтілген жалпы отырыс Қазақстан Республикасы облыстық соттың органы болып табылады.
        Облыстық соттың жалпы отырысы облыстық сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының және облыстық соттың судьяларынан тұрады.
        Облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысына сот төрағасы, сот алқалары төрағаларының, облыстық соттың судьяларынан, сондай-ақ, Жамбыл облысының (әрі қарай -облыстың) аудандық және оған теңестірілген соттарының (әрі қарай-аудандық соттар) судьялары қатысады.
 
     2  тармақ. Облыстық соттың жалпы отырысына және кеңейтілген жалпы отырысының жұмыстарына Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы, сондай-ақ  мүшелері қатысуға құқылы.
 
      3  тармақ. Облыстық соттың жалпы отырысы:
  1. тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;
  2. облыстық сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының ақпаратын
тыңдайды;
        3) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
      4) уәкілетті органның облыстағы, аумақтық бөлімшесі басшысының қызметі туралы есепті тыңдайды;
      5) аудандық және облыстық соттар судьяларының, аудандық сот төрағасының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және Жоғары Сот Кеңесіне құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін тиісті қорытындылар шығарады;
       5-1)     аудандық сот төрағасының, облыстық сот судьясының лауазымдарына кадр резервіне алу үшін кандидатураларды қарайды;
        6) судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және тиiстi қорытынды бередi;
       7) тәртіптік іс жүргізу шеңберінде судьяның әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарады;
      8) алғаш рет тағайындалған облыстық соттың төрағасының, алқа төрағалары мен судьяларының, аудандық соттың төрағасы мен судьяларының антын қабылдайды.
       9) облыстық соттың жалпы отырысының, кеңейтілген жалпы отырысының регламентін бекітеді;
       10) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
 
         2. Жалпы отырыс облыстық сот судьяларының жалпы санының кемінде үштен екiсi қатысқан кезде құқықтық күші бар болып табылады.
      Кеңейтілген жалпы отырыс облыстық сот судьяларының және тиісті облыстың аудандық соттары судьяларының жалпы санының кемінде үштен екiсi қатысқан кезде құқықтық күші бар болып табылады.
 
  1. тармақ.  Облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы:
       1) жергілікті соттың екі судьясын Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына жібереді;
        2) судьялардың кандидатураларын қарайды:
        Жоғары Сот Кеңесінің,
        Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің және Кадр резерві жөніндегі комиссияның (әрі қарай- кадр резерві жөніндегі Комиссия),
        Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрамдарына (әрі қарай- Сот төрелігінің сапасы жөніндегі Комиссия)
         және Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына тиісті ұсынымдарды шығарады.
         Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына жіберген  судьялар алқа төрағалары мен сот төрағалары болмайды.
         Облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырыстарына облыстық соттың судьялары және облыстың аудандық соттарының судьялары қатысады.
 
         5 тармақ. Жалпы отырысты және кеңейтілген жалпы отырысты облыстық соттың төрағасы шақырады. 
         Облыстық сот қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет жалпы отырыстар өткiзедi. Кеңейтілген жалпы отырыс  қажетiне қарай шақырылады.
        
6 тармақ. Жалпы отырыс және кеңейтілген жалпы отырыс облыстық сот судьяларының жалпы санының үштен екісінен кем болмағанда өкілетті болады.
 
         7 тармақ. Жалпы отырыс және кеңейтілген жалпы отырыс облыстық соттың төрағасының төрағалық етуімен регламентке  және күн тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
         Жалпы отырыс хатшысы облыстық сот төрағасының келісімімен жалпы отырыстың және кеңейтілген жалпы отырыстың  жұмыс тәртібін құрайды. Қаралатын мәселелер, өткізілетін орны мен күні көрсетілген жұмыс тәртібіне облыстық соттың төрағасы мен жалпы отырыстың хатшысы қол қояды.
 
         8  тармақ.  Облыстық соттың төрағасы жалпы отырыс пен кеңейтілген жалпы отырысында:
отырыстың жалпы барысын басқарады, Регламенттің талаптарына сәйкес белгіленген жұмыс тәртібіне сәйкес сөйлеу үшін сөз береді;
қаралған мәселені дауысқа салады және дауыс беру нәтижелерін жариялайды;
осы Регламенттің сақталуын бақылайды; осы Регламенттің ережелері бұзылған жағдайда жалпы отырыстың қатысушыларына ескерту жасауға құқылы, ал қайта бұзу кезінде оларды сөз сөйлеуден айыра алады; жалпы отырыстың жұмысына кедергі келтіретін шақырылған адамдарды, оларға ескерткеннен кейін отырыс залынан шығартуға құқылы.
 
         9 тармақ. Жалпы отырыс хатшысы облыстық соттың судьясы өкілеттігімен қоса, жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарының дайындық жұмыстарын жүзеге асырады, сондай-ақ, осы регламентте көзделген басқа да қызметтерді орындайды.
         Жалпы отырыс хатшысы уақытша болмаған жағдайда, оның міндеттерін облыстық соттың төрағасы облыстық соттың басқа бір судьясына жүктейді.
 
        10 тармақ. Жалпы отырыста және кеңейтілген жалпы отырысында дауыс беру ашық немесе құпия өткізіледі. Ашық дауыс беру дауыстарды электронды тіркеу жүйесін пайдалану және дауыс санау немесе қол көтеру арқылы жүргізіледі.
       Құпия дауыс беру бюллетеньдерді пайдалану арқылы жүргізіледі.
       Жалпы отырысқа қатысушылар тең негізде дауыс береді. Дауыс беруден қалыс қалуға ешкімнің құқығы жоқ. Дауыстар тең түскен жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші  болып есептеледі.
 
11 тармақ. Жалпы отырыста және кеңейтілген жалпы отырысында рәсімдік мәселелер бойынша ашық немесе құпия дауыс беруі арқылы жүргізіледі.
         Дауыс беру тәртібі күн тәртібін жариялағаннан кейін шешіледі.
         Жалпы отырыстың кадр мәселелеріне және судьялардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелеріне қатысты шешімдері жасырын дауыс беру арқылы қабылданады.
         Жалпы отырыстың және кеңейтілген жалпы отырысының рәсімдік мәселелері ашық дауыс беру тәртібімен жүргізіледі.
 
12 тармақ. Жалпы отырыстың  қорытындысы мен қаулылары облыстық соттың судьяларының көпшілігінің  дауыс беруімен бекітіледі.
Кеңейтілген жалпы отырыстың қаулылары кеңейтілген жалпы отырыстың құрамының көпшілігінің  дауыс беруімен бекітіледі.
 
13 тармақ. Жалпы отырыстың  және кеңейтілген жалпы отырыстың қаулыларын, сондай-ақ, жалпы отырыстың қорытындыларына облыстық сот төрағасы мен жалпы отырыстың хатшысы қол қояды және оларда басқа мерзім көрсетілмесе, қабылданған күннен бастап заңды күшіне енеді.
 
14 тармақ.  Жалпы отырысты  және кеңейтілген жалпы отырысты өткізу барысында синхронды аударма, дыбыс-бейне жазба және хаттама жүргізіледі.
         Жалпы отырыстың және кеңейтілген жалпы отырыстың қызметін қамтамасыз ететін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің белгіленген хатшысы хаттама жүргізеді.
         Жалпы отырыстың және кеңейтілген жалпы отырыстың хаттамасына облыстық соттың төрағасы мен жалпы отырыстың хатшысы қол қояды.
 
         15 тармақ. Жалпы отырысы және кеңейтілген жалпы отырыс мәжілістерінің қызметтері  бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуі мүмкін, қажет болған жағдайда телекоммуникация желілері арқылы тікелей жүргізілуі мүмкін.
         Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысулары «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен осы Регламенттің талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
        
         16 тармақ. Жалпы отырысты және кеңейтілген жалпы отырысты ұйымдастырушылық, ақпаратты-талдамалық және басқа да, соның ішінде синхронды аударма, мәжіліс залдарын техникалық қамтамасыз ету, қаулылар мен қорытындылар жобаларын дайындау уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жүктеледі.
 
         17 тармақ. Жалпы отырыс және кеңейтілген жалпы отырыс қаулыларының жобалары, сондай-ақ, қазақ және орыс тілінде дайындалған жалпы отырыстың қорытындылары, қағаз жүзінде және электронды түрде жалпы отырыстың хатшысына мәжіліске дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
 
ІІ. Тарау. Жалпы отырысты өткізу тәртібі
 
        18 тармақ. Облыстық соттың жалпы отырысы тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын облыстық соттың төрағасының ұсынысы бойынша ашық дауыс беру арқылы белгілейді.
         Облыстық соттың бір сот алқасынан басқа алқаға ауысуы, (нақты бір істі қарау үшін уақытша ауысуды қоспағанда) сондай-ақ, жаңадан сайланған судьяларды сот алқасының құрамына бекіту облыстық соттың төрағасының ұсынысы бойынша  жалпы отырыстың қаулысы негізінде жүзеге асады.
 
         19 тармақ. Жалпы отырыста облыстық соттың төрағасының, облыстық соттың сот алқалары төрағаларының, сондай-ақ, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысының ақпаратын тыңдайды.
 
         20 тармақ. Жалпы отырыс сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды.
 
         21 тармақ. Жалпы отырыс судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және тиiстi қорытынды бередi.
         Жалпы отырыстың қорытындысы Жоғарғы Сот Кеңесіне облыстық сотпен жолданады.
 
         22 тармақ. Жалпы отырыста алғаш рет тағайындалған облыстық соттың төрағасының, алқа төрағалары мен судьяларының, аудандық соттың төрағасы мен судьяларының антын қабылдайды.
         (Сондай-ақ, осы мәселелерге қатысты жалпы отырыс жұмысын бастамас бұрын, төрағалық етуші ашқаннан кейін еліміздің әнұраны орындалады).
 
         23 тармақ. Жалпы отырыс аудандық және облыстық соттар судьяларының, аудандық сот төрағасының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және Жоғары Сот Кеңесіне құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін тиісті қорытындылар шығарады.
         Көрсетілген  бос лауазымдарға үміткерлерді облыстық соттың төрағасы ұсынады. Ұсынылған үміткерлер бойынша дауыс беру және талқылау әр үміткерге жеке-жеке жүзеге асырылады.
       Жалпы отырыста ұсыну немесе ұсынудан бас тарту туралы қаулылар қабылдайды, сондай-ақ, әрбір үміткерге қорытынды бекітеді.
 
        24 тармақ. Жалпы отырыс тәртіптік іс жүргізу шеңберінде судьяның әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриіне (әрі қарай- Сот Жюриі) беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарады;
 
         25 тармақ. Жалпы отырыстың кадр мәселелеріне және судьялардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелеріне қатысты шешімдері жасырын дауыс беру арқылы қабылданады.
         Жасырын дауыс беруді өткізу және оның нәтижелерін анықтау жағдайында жалпы отырыс көпшілік дауыспен құрамында кемінде облыстық соттың үш судьясынан тұратын есеп комиссиясын сайлайды. Есеп комиссиясы өзінің төрағасы мен хатшысын дербес сайлайды. Есеп комиссиясының құрамына кандидатуралары бос лауазымға немесе сайланатын органдар құрамына ұсынылған адамдар енгізілмейді. Есеп комиссиясын сайлау туралы жалпы отырыс хаттамалық шешім қабылдайды.
 
26 тармақ.  Жасырын дауыс  беру бюллетеньді қолдану арқылы жүзеге асады. Мөр басылған урна есеп комиссиясының барлық мүшелерінің қатысуымен ашылады.
Дауыс беру үшін қажетті ақпарат бар бюллетеньдер есеп комиссиясы белгілеген нысанда және санда шығарылады.
Есеп комиссиясы жасырын дауыс берудің нәтижелері туралы хаттама жасайды, оған есеп комиссиясының барлық мүшелері қол қояды. Есеп комиссиясы төрағасының баяндамасы бойынша жалпы отырыс ашық дауыспен есеп комиссиясының хаттамасын бекітеді.
 
3. Тарау. Кеңейтілген жалпы отырысты өткізу тәртібі
 
         27 тармақ. Облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы жергілікті соттың екі судьясын Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына жібереді.
         Дауыс беру үшін аудандық және оған теңестірілген соттардың және облыстық соттың судьяларының үміткерлер тізімі облыстық соттың төрағасының ұсынысы негізінде енгізіледі.
         Көрсетілген тұлғалардың  Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысының құрамына жіберететін судьялардың келісімі міндетті болып табылады.
Ұсынылған кандидатураны талқылау және дауыс беру әр кандидатура бойынша бөлек жүзеге асырылады.
         Кеңейтілген жалпы отырыс құрамының көпшілігі басым дауыс берген үміткер жіберіледі.
 
         28 тармақ. Облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы  Жоғарғы Сот Кеңесінің құрамына үміткерді қарайды және Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына тиісті ұсынымдар береді.
         Дауыс беру үшін аудандық және оған теңестірілген соттардың және облыстық соттың судьяларының үміткерлер тізімі Жоғарғы Сот Кеңесінде және Жоғарғы Сотта аудандық және облыстық соттың тең өкілдігін қамтамасыз ете отырып, облыстық соттың төрағасының ұсынысы негізінде енгізіледі. Ұсынылған үміткердің келісімі міндетті болып табылады.
Ұсынылған кандидатураға дауыс беру әр кандидатура бойынша бөлек жүзеге асырылады.
         Кеңейтілген жалпы отырыс құрамының көпшілігі басым дауыс берген үміткер жіберіледі. Сонымен қатар, Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысының құрамына ұсынылатын үміткерлердің жалпы саны екі судьядан аз болмауы қажет (аудандық соттың бір судьясы және облыстық соттың бір судьясы).
 
         29 тармақ. Облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы Жоғарғы Сот Кеңесінің жанындағы  Сот Жюриінің құрамына судьялардың үміткерлер тізімін қарайды және Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына тиісті ұсынымдар жібереді.
         Сот Жюриінің құрамына  ұсынылған тұлға  жоғары кәсіби білікті,мінсіз беделі бар, сот қоғамында беделді және судьялық еңбек өтілі он жылдан кем болмауы тиіс.
         Сот Жюриінің құрамына  облыстық соттың төрағасы мен алқа төрағалары,  Сот Әдебі жөніндегі Комиссиясының,  Жоғарғы Сот жанындағы сот төрелігін атқару сапасы жөніндегі Комиссиясының, Жоғарғы Сот жанындағы кадр резерві бойынша Комиссия мүшелері сайлана алмайды.
         Дауыс беру үшін аудандық және оған теңестірілген соттардың және облыстық соттың судьяларының үміткерлер тізімі Сот Жюриінде аудандық және облыстық соттың, Жоғарғы Соттың өкілдігін қамтамасыз ете отырып облыстық соттың төрағасының ұсынысы негізінде енгізіледі.
         Ұсынылған үміткердің келісімі міндетті болып табылады.
         Кеңейтілген жалпы отырыс құрамының көпшілігі басым дауыс берген үміткер жіберіледі. Сонымен қатар, ұсынылатын үміткерлердің жалпы саны екі судьядан аз болмауы қажет (аудандық соттың бір судьясы және облыстық соттың бір судьясы).
 
         30 тармақ. Кеңейтілген жалпы отырыс Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы кадр резерві бойынша Комиссия құрамына үміткерлерді қарайды және Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына тиісті ұсынымдар береді.
         Дауыс беру үшін аудандық және оған теңестірілген соттардың және облыстық соттың судьяларының үміткерлер тізімі облыстық соттың төрағасының ұсынысы негізінде енгізіледі.
         Ұсынылған үміткердің келісімі міндетті болып табылады.
          Кеңейтілген жалпы отырыс құрамының көпшілігі басым дауыс берген үміткер жіберіледі. Сонымен қатар, ұсынылатын үміткерлердің жалпы саны екі судьядан аз болмауы қажет (аудандық соттың бір судьясы және облыстық соттың бір судьясы).
 
         31 тармақ. Облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрамына үміткерлерді қарайды және Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына тиісті ұсынымдар береді.
         Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрамына  облыстық сотың төрағасы мен алқа төрағалары, Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшелері-судьялар, Сот Әдебі жөніндегі Комиссия және Сот Жюриінің мүшелері сайлана алмайды.
         Ұсынылған үміткерлер жоғары кәсіби білікті, мінсіз беделі және сот жүйесінде абыройлы болуы қажет.
         Дауыс беру үшін облыстық соттың судьяларының үміткерлер тізімі облыстық соттың төрағасының ұсынысы негізінде енгізіледі.
         Ұсынылған үміткердің келісімі міндетті болып табылады.
         Кеңейтілген жалпы отырыс құрамының көпшілігі басым дауыс берген үміткер жіберіледі. Сонымен қатар, ұсынылатын үміткерлердің жалпы саны облыстық соттың екі судьядан аз болмауы қажет.
 
              4-тарау. Қорытынды ережелер
 
32   тармақ. Регламент қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
 
33  тармақ. Осы регламентке өзгерістер мен толыктырулар облыстық соттың жалпы отырыстарында қабылданады және қаулымен ресімделеді.