Архив событий

11/09/2017

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

11/09/2017

Меркі  аудандық сотында   Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5 бөлігімен (ӘҚБтК тексті бойынша)   Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы немесе жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) әкімшілік істер қаралды.

 

Жамбыл аудандық сотында соттың мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен семинар сабақ өткізілді

11/09/2017

Жамбыл аудандық сотында «Мұрағатқа тапсырылуға жататын істерді, материалдарды ресімдеу, мұрағатқа беру тәртібі туралы» тақырыбында соттың мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен семинар сабақ өткізілді.

 

Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік мас күйінде басқарғандығы үшін қоғамдық жұмыстарға тартылды

11/09/2017
Мойықұм аудандық соты азамат  А.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 346 бабы 1 бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, мас күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша қылмыстық ісін қарады.