Тараз қаласының №2 сотында «Электронды қылмыстық істің» кезекті жобасы жүзеге асырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бүгін «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында Жамбыл облысында Тараз қаласының №2 сотында республика бойынша алғаш рет бейнеконференц байланыс арқылы онлайн режимде, яғни күдіктіні сотқа алып келмей, қамақта ұстау бұлтартпау шарасын санкциялау сәтті өтті.
Облыстың барлық соттары, сондай-ақ қаланың уақытша ұстау изоляторлары заманауи технологиялармен жабдықталған. Қылмыстық сот ісін жүргізуге ақпараттық технологиялардың енгізілуі, оның ашықтығының жоғарылауына, тергеу әрекеттерін санкциялауға қажетті құжаттарды ұсыну мен нәтижелерін алу уақытын айтарлықтай үнемдеуге, сондай-ақ қылмыстық процес сапасын жақсартуға және жеңілдетуге, қағаз жүзіндегі құжат айналымына кететін шығынды оңтайландыруға алып келеді.
Өтінішті қарау қорытындысы бойынша тергеу судьясы тиісті қаулыларды «Төрелік» жүйесі арқылы Бас прокуратураның «Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесіне жолдайды.
                                          
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі