Жамбыл облыстық сотының төрағасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Ахметжанов Ербол Ұлатайұлы

Жамбыл облыстық сотының төрағасы

 

 

 

 

 

1965 жылы 27 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.

1985-1990 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған.

Еңбек жолын 1990-1992 жылдары  ШҚО, Тарбағатай аудандық прокуратурасында прокурордың көмекшісі болып бастаған.

1996-1997 жылдары – Алматы облысы,  Шелек ауданының МТКБ бастығының орынбасары.

1997-2000 жылдары – Алматы облысының ІІБ –нің тергеу қызметінің бастығы.

2000-2001 жылдары –  Алматы қаласы, Бас Әскери прокуратура басқармасының бастығы.

2001-2002 жылдары – Алматы қаласы, Бас Әскери прокуратура басқармасының  әскери прокуроры.

2002-2005 жылдары – Алматы гарнизонының әскери прокурорының орынбасары.

2005-2009 жылдары – Алматы гарнизонының  әскери сотының судьясы.

2009-2014 жылдары – Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі әскери сотының судьясы.

 2014-2017 жылдары – Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы.

2017-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы,Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі  сот алқасының төрағасы.

2020 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің 27.02.2020 жылғы № 276 Жарлығымен Жамбыл облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.

 «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2013), «Мінсіз қызметі үшін» III дәрежелі медалімен (2017), «Қазақстан Республикасы Әскери сотына 20 жыл» төс белгісімен (2013), «Әскери сотының төрағасы» (2012), «ҚР Судьялар Одағының төрағасы» (2013) құрмет грамоталарымен, ҚР Жоғарғы Сотының төрағасының алғыс хатымен (2011), «Үш би» құрмет белгісімен  (2017), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» Қазақстан Республикасы Президентінің мерейтой медалімен (2021) марапатталған.