Архив событий

05/05/2016

Меркі аудандық соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін азаматты әкімшілік жазаға тартты

05/05/2016

Меркі ауданы, Ойтал ауылының тұрғыны азамат Б. Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 434 бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағанына (ұсақ бұзақылық) кінәлі деп табылды.

ҚР аумағында болу ережесін бұзған

05/05/2016

Меркі аудандық соты тіркелу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзімде ел аумағынан шығудан жалтарған, Өзбекстан Республикасының  7 азаматына қатысты әкімшілік істерді қарады.

Сот талапкердің талаптарын толық көлемде қанағаттандырды

05/05/2016

Талапкер К.Р. жауапкер О.В.-ға материалдық шығынды өндіру туралы, талап арызбен сотқа жүгінді. №2 Тараз қалалық сотында 03.12.2015 жылғы қаулысы бойынша, жауапкер О.В. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  188 бабының 2 бөлігі «з» тармағына сай, тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кіруімен, осы негіз бойынша жауапкердің заңсыз қылмыстық іс-әрекетінің қортындысы бойынша талапкерге материалдық шығын келтірген. 

Шу аудандық сотының ұжымы ардагерлерді алда келе жатқан мерекелерімен құттықтады

05/05/2016

Шу аудандық сотының ұжымы  «9-май Жеңіс күні» және «Отан қорғаушылар» күні мерекелеріне орай  соғыс ардагері Ибрагим Таирұлы Мұсаевты және еңбек ардагері, сот саласының зейнеткері Орынбасар Солтыұлы Абуевты алдағы келе жатқан мерекелерімен құтықтады.

Тараптар бітімгершілік келісімді бекітті

05/05/2016

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сарбаз-Куат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкер «Ариран Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 1 810 000 теңге қарызды және арнайы техниканы қалпына келтіру туралы  азаматтық ісі қаралды.