Тараз қаласы №2 сотында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарға үкім шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласы №2 сотымен М.Тортбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.
Осы жылдың қаңтар айында М.Тортбаев өзі жұмыс істейтін "Казфосфат" ЖШС-нің аумағында бола тұра, жұмыс орнында қабылданып жатқан емтиханнан өте аламай қалу үрейі туындап, емтиханды тапсыру шарасын бұзғысы келген.
Осы кезде М.Тортбаевтың терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлауға қылмыстық ойы туындап, халықты үрейлендіру мақсатында, ұялы телефоны арқылы Тараз қаласы Ішкі Істер  Басқармасы Жедел Басқару орталығының «102» нөміріне қоңырау шалып, «Казфосфат» зауытындағы «Аммофос» цехында жарылыс ұйымдастырып жатқаны туралы естігенін айтқан.
 Тараз қаласы №2 сот үкімімен  М.Тортбаев  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) кінәлі деп танылып, оған  2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаның өтеуі түзеу колониясының жалпы режиміне белгіленген.
Үкім заңды күшіне енбеген.
 
Қайнар: Тараз қаласы №2 сотының баспасөз қызметі