Тараптар бітімгершілік келісімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сарбаз-Куат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкер «Ариран Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 1 810 000 теңге қарызды және арнайы техниканы қалпына келтіру туралы  азаматтық ісі қаралды. Сотта талапкер өкілі ҚР АПК-нің 48 бабына сәйкес талап қоюдың талабын өзгерту туралы және соттан арнайы техниканы қалпына келтіру туралы талабын қараусыз қалдыруды сұрады. Сотта тараптардың өкілдері бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішпен жүгінді. Бітімгершілік келісімнің шарттары бойынша талапкер өз талаптарынан бас тартады, ал жауапкер 30.04.2016 жылға дейін талапкер «Сарбаз-Куат» ЖШС-нің 1 810  000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңге қарыз сомасын өтеуге міндеттенеді.
Тараптармен жасалған бітімгершілік келісімнің шарттары заңға қайшы келмейтіндіктен, басқа да тұлғалардың мүдделерін бұзбайбындықтан, сот бітімгершілік келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.
 
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі