Архив событий

06/05/2016

Конкурс жарияланады!

06/05/2016

«  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға   жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру.

 

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ұжымы Ұлы Отан соғысы ардагерін құттықтады

06/05/2016

Ұлы Отан соғысының жеңісіне 71 жыл қарсаңында Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы А.Мадемаров пен осы соттың судьялары соғыс ардагері Мұсахан Бердыбаевты құттықтады.

«Алғаш рет Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қызметіне кедергі келтіру туралы іс қаралды»

06/05/2016

Тараз қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Д.Мәуленовпен ҚР ӘҚБтК-нің 507 бабында көзделген құқықбұзушылық, яғни  Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің елеулі түрде бұзылуына әкеп соққан, олардың заңды қызметіне лауазымды адамның қызмет бабын пайдалана отырып кедергі келтіруі, сол сияқты лауазымды адамның осы қызметке өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасалған араласуы құқықбұзушылығы бойынша азамат М.-ге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.  Аталған санаттағы іс сот өндірісіне алынып отыр. 

Дауды медиация тәртібімен реттеді

06/05/2016

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық сотында талап қоюшы Б.Н.-ның жауапкер А.С.-тан қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Тұрар Рысқұлов аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің ардагері Тасыбеков Тұрысбек Узбекұлын Отан қорғаушылар және Жеңіс күнінің 71-жылдығымен құттықтады

06/05/2016

Тұрар Рысқұлов аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің ардагері Тасыбеков Тұрысбек Узбекұлын  Отан қорғаушылар және Жеңіс күнінің 71-жылдығымен  құттықтады.