Тараз қаласының № 2 соты алаяқтық үшін үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласы № 2 соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабы, 2 бөлігі 2,3 тармақтары бойынша (алаяқтық) көзделген қылмыс жасағаны үшін Т.Имамбековқа қатысты қылмыстық ісін қарады.
Іс құжаттарынан,  2010-2015 жылдар аралығында Т.Имамбеков Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының аспиранты және оқытушысы қызметін атқарып жүріп, бөтеннің мүлкін алаяқтық жолмен жымқыру масқатында, қызметтік бабын пайдалана отырып, жәбірленушілердің сеніміне кіріп,оқуға түсіруге, сессияны тапсыруға және диплом алуға көмек беремін деп ақшалай қаражат алып, өзінің қажеттілігіне жаратып отырған.
Осылайша, 5 жыл аралығында азамат Т.Имамбеков  бірнеше рет алаяқтық жасаған, яғни 3 030 000 теңгеге материалдық залал келтірген.
Соттың үкімімен Т.Имамбеков   ҚР ҚК 190 бабы, 2 бөлігі 2,3 тармақтарымен кінәлі деп танылып және оған, оның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, үш жыл мерзімге мемлекеттік мекемелерде және білім саласындағы ұйымдарда лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленді.  
Сонымен қатар, талап қоюшылардың пайдасына материалдық залал 3 303 000 теңге өндіруді шешті.
Үкім заңды күшіне енген.
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі