Меркі аудандық соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін азаматты әкімшілік жазаға тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Меркі ауданы, Ойтал ауылының тұрғыны азамат Б. Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 434 бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағанына (ұсақ бұзақылық) кінәлі деп табылды.
Анықталғаны бойынша, азамат Б., Меркі ауылының орталық алаңыда, яғни қоғамдық орында, қоғамдық тәртіпті бұзып, төнірегіндегілерге сыйламаушылық білдіртіп, темекі шегіп, оның қалдығын жерге тастап, жалпы пайдаланатын орынды ластаған.
Жоғарғыда көрсетілген негізінде, сот әкімшілік жауапқа тартылушы  адамға әкімшілік жаза ретінде  3 тәулік мерзімге «әкімшілік қамауға алу» жазасын қолдануын қаулы етті.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі