Автобус жүргізушісі жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін 8 жылға сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Мойынқұм аудандық сотында  ҚР ҚК-нің 296 бабының 3 бөлігімен /16.07.1997 жылғы №167 Заңы/ айыпталып сотқа берілген Е.Жантемировке  қатысты қылмыстық ісі қаралды.
Іс құжаттарына сүйенсек, 2013 жылдың 12 тамызында Е.Жантемиров «Setra Kassbohrer» маркалы автобусын басқара отырып, «Алматы-Астана» тасжолында Қарағанды қаласынан Алматы қаласы бағытында жүріп келе жатқан. Көлік құралын басқару барысында  онымен ҚР Жол ережесінің 9.2, 10.1 тармақтарында көзделген ережелер бұзылған. Осылайша, ол жолдың қарама-қарсы қозғалысына арналған бетіне шығып кеткен.  Нәтижесінде, жоғарыда көрсетілген Ереже нормаларының бұзылуы салдарынан, Алматы-Астана тасжолының 298,9 км-нде  «Setra Kassbohrer» маркалы автобусы мен жүргізуші И.Г.-нің басқаруындағы  «Toyota Rav-4»  маркалы автокөліктері   соқтығысқа
Соқтығыс нәтижесінде жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші И.Г., жолаушы А.В. оқиға орнында, ал жолаушы Д.И. алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмған. Жәбірленуші Е.И.-дің денсаулығына ауыр дәрежелі зиян келген.
Соттың үкімімен Е. Жантемиров Қазақстан Республикасы  ҚК-нің 296 бабы 3 бөлігімен /16.07.1997 жылғы №167 Заңы/ кінәлі деп танылып, оған 8 (сегіз) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазаны абайсызда қылмыс жасаған тұлғаларға арналған қоныс колониясында өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 
Қайнар: Мойынқұм аудандық сотының баспасөз қызметі