Архив событий

16/05/2016

Тараптар бітімгершілік келісімді бекітті

16/05/2016

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Тараз» сауда-саттық компаниясы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкер жеке кәсіпкер А.Ш.Мамешовадан соманы өндіру туралы азаматтық ісі қаралды. Сот отырысында тараптардан бітімгершілік келісім түсті, келісімнің шарттары бойынша жауапкер жеке кәсіпкер А.Ш.Мамешова өз еркімен 2016 жылдың 05 мамырына дейін  қарыз сомасы 607 000 теңгені төлеуге міндеттенеді. Талапкер жауапкердің шарттарын қабылдайды және талап қоюдың қалған бөлігінен бас тартады.

 

Ювеналдық сотта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл турлы» тақырыпта семинар сабағы өткізілді

16/05/2016

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  соттың мамандарының қатысуымен семинар сабағы өткізілді.

 

Шу аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

16/05/2016

Шу аудандық соты аудан азаматтары үшін «Ашық есік күнін» ұйымдастырды.  Бұл  күні  сотқа  келген азаматтарға арыз шағымдарын тапсыру мен қабылдау тәртіптері түсіндірілді.

 

Еңбек даулары бойынша дөңгелек үстел өтті

16/05/2016

Жамбыл облысы  Талас аудандық сотында судья Л.Дукенбаева «Игілік» КККМ-нің өкілі К.Омарованың, «Тұрғын үй жөндеу-Қаратау» ЖШС-нің маманы Н.Серғараның,  Талас ауданы әділет басқармасының бас маманы Л.Мадемарованың қатысуларымен «Еңбек қатынастарынан туындайтын даулар және оларды сотқа дейінгі реттеу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Сарысу аудандық сотында «Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

16/05/2016

Сарысу аудандық сотында Судьялар мен кеңсе қызметкерлері,  Сарысу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының,  БАҚ,  Сарысу ауданының Әділет басқармасының, Халық Банкінің, Сарысу ауданы әкімі аппаратының өкілдерінің, нотариустың қатысуымен «Сот жүйесіндегі   мемлекеттік тілдің дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Жамбыл облысы Қордай аудандық сотында «Еңбек қатынастарынан туындайтын даулар және оларды сотқа дейінгі реттеу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

16/05/2016

Жамбыл облысы  Қордай аудандық сотында, аудандық әділет басқармасының, аудандық мемлекеттік кіріс басқармасының прокуратураның, адвокаттар және БАҚ-ның өкілдерінің қатысуларымен «Еңбек қатынастарынан туындайтын даулар және оларды сотқа дейінгі реттеу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.