Архив событий

19/05/2016

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында шартты жасау, өзгерту және бұзуға қатысты дауларды сотта шешу мәселелері талқыланды

19/05/2016

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Шартты жасау, өзгерту және бұзуға қатысты дауларды сотта шешу мәселелері» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

ҚР аумағында болу ережесін бұзған

19/05/2016

Меркі аудандық соты тіркелу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзімде ел аумағынан шығудан жалтарған, Өзбекстан Республикасының  19 азаматына қатысты әкімшілік істерді қарады.

 

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық сотында Б.Байтаковқа қатысты, кәмелетке толмағандарды жәбірлеуге ұшырату қылмыстық ісі бойынша брифинг өтті

19/05/2016

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігінің 1,2 тармақтарымен азамат Б.Байтаковқа қатысты (қинау, ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату, көрiнеу кәмелетке толмаған адамдарға немесе кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға) қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді.

 

Қордай аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

19/05/2016

Жамбыл облысы Қордай аудандық  сотында Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі бойынша (отбасы-тұрмыстық қатыныстар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)  Қордай ауданының  тұрғыны К-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.