Архив событий

21/06/2016

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы облыстық «Қазақстан-Тараз» радиосынан эфирге шықты

21/06/2016

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы З.Габоева облыстық «Қазақстан-Тараз» радиосына «Медиация – азаматтық іс жүргізудің бітімгерлік рәсімі» тақырыбында сұхбат берді.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

21/06/2016

Жуалы аудандық соты азамат М.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы 1 бөлігі (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде жасалған басқа да әрекеттер) бойынша әкімшілік істі қарады.

Халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

21/06/2016

Жамбыл облысы Талас аудандық соты Г.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен (прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемдену, сақтау) қылмыстық ісін қарады.

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілермен Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар сабақ өтті

21/06/2016

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілермен Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбына аудандық соттың судьяларының, сот қызметкерлерінің және БАҚ өкілінің қатысуымен семинар сабақ өтті.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

21/06/2016

Жуалы аудандық соты азамат О.-ға қатысты, ҚР ҚК-нің 345 бабы 1 бөлігі (Көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы) бойынша қылмыстық ісін қарады.

Меркі аудандық сотында өткізу режимін қамтамасыз ету бойынша Ережелерін талқылады

21/06/2016

Меркі аудандық сотында аудан прокурорларының, Меркі аудандық ІІБ- нің қызметкерлері, МКҚБ қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін арналған өткізу және объектішілік  режимдерді қамтамасыз  ету жөніндегі қағидаларды бекіту» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Бұрынғы Қордай ауданының мемлекеттік архиві Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры пара алғаны үшін сотталды

21/06/2016

Қордай аудандық сотында БАҚ-ң  өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді. Пара алу фактісі бойынша «Қордай ауданының мемлекеттік архиві» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г.Медееваға қатысты қылмыстық істің қарау қорытындысы талқыланды.