Архив событий

20/06/2016

Тараптар бітімгершілік келісімге келді

20/06/2016

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Rezon KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкер «UDS CORPORATION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 1 949 300 теңге қарыз сомасын, 194 930 теңге айыппұл сомасын, 64 327 теңге сот шығындарын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Тараз қалалық сотының судьясына алғыс

20/06/2016

Тараз қалалық сотында  арызданушы Т.Долгополованың заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық ісі судья Г. Камзиеваның төрелігімен қаралды.

Дау татуласу келісімімен шешілді

20/06/2016

Сарысу аудандық сотында  талап қоюшы Н –ның жауапкер  С-дан қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Қордай аудандық сотында БАҚ-ң өкілдерінің қатысуымен резонанстық іс бойынша брифинг өткізілді

20/06/2016

Қордай аудандық сотында БАҚ-ң  өкілдерінің қатысуымен резонанстық іс бойынша брифинг өткізілді. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемдену фактісі бойынша Қарасай ауылдық округінің әкімі М.Жетыгеновке қатысты қылмыстық істің қарау қорытындысы талқыланды.

Қордай аудандық сотында азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында медиа-жоспарға сәйкес, кезекті іс шара «Ашық есік күні» өткізілді

20/06/2016

Сот төрағасы С.Тұрғынбаевтың қабылдауына  аудан тұрғындары Н.Джинлиров, А.Франц, Н.Мадимаров, Дюсембекова Ж., Б.Мейрманова, О.Никитина қарыз сомасын өндіру,  құқықтық фактісін анықтау туралы, сот актісінң орындалмауы сұрақтарымен келді.

«Дауды партисипативтік тәртіппен реттеу туралы келісім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

20/06/2016

Жамбыл облысы  Қордай аудандық сотында  «Дауды партисипативтік тәртіппен реттеу туралы келісім» тақырыбында  адвокаттар  А.Окуньковтың, А.Данебаевтың, Е.Садыровтың, Ж.Бекешеваның және БАҚ-ның өкілдері қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

«Қазақстан заңгерлерінің одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы, Жамбыл облысы судьялар одағы филиалының төрағасының қатысуымен көшпелі отырыс өткізді

20/06/2016

«Қазақстан заңгерлерінің одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы Жамбыл ауданының әкімшілігінде 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмысы жайлы көшпелі есеп беру отырысын өткізді.