Бұрынғы Қордай ауданының мемлекеттік архиві Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры пара алғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қордай аудандық сотында БАҚ-ң  өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді. Пара алу фактісі бойынша «Қордай ауданының мемлекеттік архиві» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г.Медееваға қатысты қылмыстық істің қарау қорытындысы талқыланды.
Г.Медеева «Қордай ауданының мемлекеттік архиві» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, яғни мемлекеттік қызметтерді орындауға теңестірілген тұлға бола тұра, пайдақорлықты басшылыққа алып, Ш.-дан 15 000 теңгені пара ретінде алған.
Г.Медеева Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-бөлігіне сәйкес (пара алу) кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша оның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті тәркілеп, мемлекеттік қызметте және жергілікті атқарушылық органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, параның елу еселенген көрсеткіші мөлшерінде, яғни  750 000  теңге айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі