Архив событий

23/06/2016

Тараз қаласының №2 сотында «Біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің ауқымды қолданысын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізілді

23/06/2016

Іс-шараға Тараз қаласы №2 сотының төрағасы М.Байсариев, судьялар және сот қызметкерлері қатысты.

 

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы облыстық «Қазақстан-Тараз» радиосынан эфирге шықты

23/06/2016

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Г.Тажиева облыстық «Қазақстан-Тараз» радиосына «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы» тақырыбында сұхбат берді.

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық іс қаралды

23/06/2016

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігі және 287-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылған кәмелетке толмаған С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

23/06/2016

Жуалы аудандық соты азамат М.-ға қатысты, ҚР ҚК-нің 188 бабы 2 бөлігі 3 тармағы (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен ұрлық жасау) бойынша қылмыстық істі қарады.

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Жаңа редакциядағы Азаматтық процестік заңнамасын қолданудағы мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

23/06/2016

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Жаңа редакциядағы Азаматтық процестік заңнамасын қолданудағы мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Мойынқұм аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

23/06/2016

Елімізде 2013 жылдың 23 желтоқсанында Президенттің Жарлығымен 23 маусымды «Мемлекеттік қызметші»  күні деп жариялады, осы  мерекеге сай, Мойынқұм аудандық сотының бас маманы Г. Рахимованың ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметші - халық қызметшісі» атты  тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Аталған іс шараға  мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Тұрар Рысқұлов аудандық соты адамды ұрлаған 4 сыбайласына қатысты үкім шығарды

23/06/2016

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен, 125-бабының 2-бөлігінің 1- тармағымен, 107-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен (аса ірі мөлшердегі есірткіні өткізу мақсатынсыз заңсыз  иемденіп, сақтаған және тасымалдаған және адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен адамды ұрлаған және алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтірген) көзделген қылмысты жасағанына айыпталған А. және оның қылмыстық сыбайластарына қатысты қылмыстық ісі қаралды.