Архив событий

16/06/2016

Жамбыл облыстық сотында судьялар мен мемлекеттік қызметшілерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруге бағытталған оқу курстары өткізілуде

16/06/2016

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мемлекеттік тіл саясатын одан әрі іске асыру  мақсатында және Қазақстан Респуликасы Жоғарғы Соты Төрағасының «Мемлекетттік тіл саясатын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2016 жылғы 18 қаңтардағы №6001-16-7-4/5 Өкімін орындау мақсатында Жамбыл облысының судьялары мен Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруге бағытталған оқу курстары ұйымдастырылуда.

«Қазақстан-Тараз» телеарнасына кезекті сұхбат

16/06/2016

Бүгін Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Мәлікова «Қазақстан-Тараз» телеарнасының тілшісі Қ.Молдабековаға «Педофилдерге жаза тағайындау мәселесі» тақырыбында сұхбат берді.

Меркі аудандық сотында «Медиация -дауларды реттеудің ең тиімді әдісі» тақырыбында дөнгелек үстел өтті

16/06/2016

Меркі аудандық сотында аудан прокурорының, Меркі аудандық әкімдігінің заңгері Е.Дүйсебаев,  кәсіби медиаторлар,  адвокаттардың қатысуымен «Медиация- дауларды реттеудің ең тиімді әдісі» тақырыбында семинар өткізілді.

Есірткі затын сатып және қолданған азаматқа сот үкім шығарды

16/06/2016

Жуалы аудандық соты азамат Р.-ға қатысты, ҚР ҚК-нің 297 бабы 1 бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық ісін қарады.

Жол көлік оқиғасын объективті қарау үшін көшпелі сот отырысы өтті

16/06/2016

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610 бабының 1 бөлігінде (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) көзделген құқық бұзушылық жасаған азамат А.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Е. Люцканға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды

16/06/2016

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Е. Люцканға  қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.