Архив событий

08/06/2016

Сот «ЖамбылЖарыкСауда-2030» ЖШС-нің жауапкер «Kordai Brick» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы талабын қанағаттандырды

08/06/2016

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «ЖамбылЖарыкСауда-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  жауапкер    «Kordai Brick» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен  электр энергиясын тұтынғаны үшін 2 238 893,18 теңге қарыз сомасын, 223 000 теңге өкілдің шығындарын өндіру  туралы азаматтық ісі қаралды.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

08/06/2016

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында қаралған әкімшілік іс бойынша, Қазақ ауылы Абай көшесінің бойында азамат Б. ішімідік ішкен күйінде өзіне бейтаныс азамат С.-ны балағаттап, намысына тиетін сөздер айтып, ҚР-ның ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен қарастырылған ұсақ бұзақылықты жасаған.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы облыстық «Қазақстан-Тараз» радиосынан эфирге шықты

08/06/2016

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотының жетекші маманы Г.Умирбаева облыстық «Қазақстан-Тараз» радиосына «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық  сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібі туралы тақырыбында сұхбат берді.

Тараз қалалық сотымен кезекті іс қаралды

08/06/2016

Тараз қалалық соты талап қоюшы Д.-нің жауапкер И.-ге материалдық шығынды өндіру және бетон қоршауды алып тастауды міндеттеу  туралы азаматтық ісін қарады. Жауапкер, талап қоюшының келісімінсіз, аралық шегарада бетон қоршауын тұрғызған, яғни талап қоюшығы  тиесілі жер телімінің бөлігін  заңсыз, рұқсатсыз, иемденген.

Сарысу аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 10 шілдедегі №1 Нормативтік Қаулысы» тақырыбында семинар сабақ өтті

08/06/2016

Сарысу  аудандық сотында, «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 10 шілдедегі №1 Нормативтік Қаулысы» атты тақырыбында семинар өткізілді.

Тараз қалалық сотымен тұрғын үй комиссияның іс-әрекетін заңсыз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды

08/06/2016

Тараз қалалық соты талап қоюшы К.Р. жауапкер «Тараз тұрғын үй» ЖШС-не тұрғын үй комиссияның іс-әрекетін заңсыз деп танып, үй алу кезегін қалпына келтіру туралы азаматтық ісін қарады.

Мойынқұм аудандық сотының ұжымына алғыс хат

08/06/2016

Мойынқұм ауылында тұратын екі кішкентай балаларды тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана К.Абдраимова, Мойынқұм аудандық сотының ұжымына 1 мамыр – Балаларды қорғау күніне арналған «Балалар – біздің болашағымыз» атты акциясын ұйымдастырып, тұрмыс жағдайы аз қамтылған отбасындағы балаларға материалдық көмек көрсеткендері үшін «Мойынқұм таңы» жергілікті газеті арқылы алғысын жеткізді. Көмек азық-түлік және балаларға сыйлықтар түрінде көрсетілді.

Тәжікстан Республикасының азаматтары мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

08/06/2016

Жамбыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмықтық Кодексінің 392 бабының 1-бөлігімен (мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен) Тәжікстан Республикасының азаматтары ағайынды Мукамиловтарға қатысты қылмыстық ісі қаралды. 

 

Жамбыл облыстық сотының сот корпусына қайта сайланған алқалар таныстырылды

08/06/2016

Облыстық соттың пленарлық отырысында Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев облыстың сот корпусына облыстық сотқа қайта тағайындалған судьяларды таныстырып, сондай-ақ Тараз қаласы №2 сотының судьясы Мырзақұлов Мақұлбек Жапарбекұлын лайықты еңбек демалысына шығарып салды.