Облыстық сот төрағасының поштасына судьяға алғыс түсті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.Алшынбаевтың атына Тараз қаласының тұрғыны Х.Кәрібаевадан, Тараз қаласы №2 сотының судьясы С.Дмитриеваға алғыс хат келіп түсті.
Өз хатында Тараз қаласы №2 сотының судьясы С.Дмитриеваның өз қызметін адал, кәсіби түрде, тиянақты жүзеге асыруына және істі мерзімінде, созбалауға салмай уақытылы қарағанына алығысын айтады. Ол әділдіктің символы және барлық судьяларға үлгі - деп автор атап көрсетті.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі