Жуалы аудандық сотында «Рухани жаңғыру-мәңгілік ел болудың кепілі» атты тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Аталған іс шараға, соттың төрағасы Б.И.Мүлкібаев судьялар А.А.Замбаев, Б.Жамалбекұлы және мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Іс шараны аудандық соттың төрағасы Б.И.Мүлкібаев ашып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы сот жүйесіне міндеттелген тапсырмалардың маңыздылығын атап өтті. Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу – мемлекетіміздің басты мақсаты. Жаһанданудың бұл жаңа қадамы рухани жаңғырудан басталып отырғанын, сол үшін заман ағымына қарай икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіру қажет», - деді Б.И.Мүлкібаев.
Сот төрағасы Елбасының мақала аясында айқындалған болашақта жасалатын жоспарларды, нақты жобаларды жүзеге асыруға, ел бірлігін нығайтуға бағытталған жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды, аудандық сотының судьясы А. Замбаев Рухани жаңғырудың нақты бағыттары, өңірдегі ономастика мәселелері, билер соты – ұлттық құндылығы, судья Байжан Жамалбекұлы «Латын әліпбиіне көшу – мемлекеттік тілді дамытудың жаңа мүмкіндігі» тақырыптарында өз пікірлерін айта кетті.
Жұмысын қорыта келе сот төрағасымен семинарға қатысушыларға бағдарламалық мақаланы іс жүзінде іске асыру мақсатында іс-шаралар жоспарын жалғастыру тапсырылып, жоғарыда аталып өткен тақырып бойынша пікірлер ескеріліп, Жуалы ауданында тарихи мәліметтер мен археологиялық қазбаларды байытумен айналысатын мекемелермен өзара қарым қатынасты ұлғайту туралы ұсыныстар енгізілді.
Іс шара соңында сот төрағасы Б. Мүлкібаев қазақтың билер сотын ұлттық құндылықтар ретінде тануды және оны кеңінен насихаттауды ұсына отырып, рухани жаңғыру арқылы еліміз таяу болашақта бірлігі жарасқан біртұтас ұлт ретінде ең дамыған мемлекеттердің қатарына қосылады деп сенім білдірді.
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі