Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Гендерлік саясат» атты тақырыбында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс шараға сотының төраға м.а  Т.Сұлтанова, судья А.Бексұлтанова, Кеңсе меңгеруші Р.Әбдіқұлов, соттың мемлекеттік қызметкерлері  Ж.Шыршықбаев, С.Әбілдаев, А.Жахаев, А.Запенова, Б.Қамбатыров, Г.Жақсыбаева және психолог А.Қойбақова  қатысты.
Бас маман Ж.Шыршықбаев өзінің баяндамасында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекіткендігін,  әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болуы туралы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне жататындығын айтып өтті. 
Сонымен бірге, жұмыс барысында судьялармен статистикалық және салыстырмалы мәліметтер айтылып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан әйелдерді қорғау мәселесі бойынша сұрақтар қозғалды.
Іс шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
                                                                        
Қайнар: Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі