Жамбыл аудандық сотының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – ең дамыған қоғам құрудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласын талқылау мақсатында  «Рухани жаңғыру – ең дамыған қоғам құрудың негізі» тақырыбында  «дөңгелек үстел» өтті.
Іс шараға аудандық сот төрағасы Д.Толенбеков, судья Г.Алимкулова, Жамбыл АІІБ бастығының орынбасары Д.Нысанбаев, Жамбыл аудандық Әділет басқармасының басшысы Н.Құлманова, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Бекбосын, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Ж.Телеуов, аудандық мәдениет үйінің басшысы И.Тоғанбаева, аудандық білім бөлімінің басшысының м.а. Д.Қасымова, Б.Момышұлы атындағы мектебінің тарих пәні мұғалімі Н.Малдыбаев, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы, аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің тілшілері, кітапхана қызметкерлері мен сот мамандары қатысты.
Сот төрағасы Д.Толенбеков дөңгелек үстелді ашып, Елбасы мақаласының жаңғырудың маңызды артықшылықтарын айқындайтыны туралы, қоғамдық сананың жаңғыруы мемлекеттің дамуында, елдегі бірлік пен келісімді нығайтуда негізгі қадам екенін атап өтті.
Сонымен қатар, судья Г.Алимкулова  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының мазмұндылығы мен ауқымдылығын айтып өтті. Аталған тарихи құжатта дамудың жаңа дәуірінде елімізге жаңа мүмкіншіліктер ашылатыны, жаһандану процесіндегі мемлекеттің даму бағыттары, ХХI ғасырда ұлттық сананың дамуының нақты қадамдары көрсетілгенін айтты.
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Ж.Телеуов пен аудандық кітапхана қызметкері З.Қожамқұлова тақырып бойынша баяндама жасап, Елбасы мақаласын талқылау мақсатында аудан көлемінде атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтып өтті. Мемлекеттің басты мақсаты – дамыған отыз елдің қатарына енуі туралы да айтылды.
Іс – шарада, рухани жаңғыру аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы да талқыланды.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тақырып бойынша туындаған сұрақтарды талқылады.
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі