Жамбыл аудандық сотында соттың мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен семинар сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотында «Мұрағатқа тапсырылуға жататын істерді, материалдарды ресімдеу, мұрағатқа беру тәртібі туралы» тақырыбында соттың мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен семинар сабақ өткізілді.
Іс-шара барысында жетекші маман А.Нуралиева сот істерін сақтау, құжаттандыру және оларды мұрағатқа беру тәртібі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің және Соттар әкімшілерінің құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы ереже мен сот мұрағаты туралы үлгі ережеге сәйкес жүзеге асырылатындығы туралы баяндады.
А.Нуралиева өз баяндамасында мұрағат жұмысы бойынша жалпы шолу жасап, істерді рәсімдеуге қойылатын талаптар туралы, сондай-ақ, құжаттарды мұрағатта сақтауға қабылдау және оларды мұрағатан беру тәртібіне тоқтады. 
Мұрағатқа тапсырылуға жататын қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің тиісінше қалыптастырылуы және ресімделуі туралы, іске тіркелген барлық құжаттардың тігілуі және нөмірленуі, олардың ішкі тізімдемелері және куәландыру парақтарының жасалуы туралы, ұқыпсыз ресімделген сот істері мен құжаттардың мұрағатқа қабылданбайтындығы туралы қатысушылардың назарына салды.
Семинар соңында қатысушылар туындаған сұрақтар бойынша пікір алмасты.
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі