Жамбыл аудандық сотында соттың мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен семинар сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйесіне сот актілерін уақытылы енгізу және электронды цифрлы қолтаңба қою. Электронды құжат айналымын жүргізу, ақпараттық есеп құжаттарын толтыру»  тақырыбында соттың судьялары мен мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен семинар сабақ өткізілді.
Іс-шара барысында сот төрағасы Д.Төленбеков  «Төрелік» ақпараттық жүйесінің мәліметтердің алмасуына жедел қол жеткізуді, сенімділіктің жоғары дәрежесін қамтамасыз ететіні туралы, есепті автоматты түрде алу және процесстік мерзімнің сақталуына бақылау жүргізу, есептерді қалыптастыру мен іс-жүргізуді жеңілдететі туралы атап өтті.
Іс -шарада судьялар азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерді жүргізуде сот төрелігін жүзеге асыру, сот актілерінің сапасы туралы сұрақтарды талқылады.
Сот төрағасы судьялар мен сот қызметкерлеріне «Төрелік» ақпараттық жүйесіне уақытылы сот актілері мен сот отырысы хаттамаларын енгізу, сот актілерін сапалы әрі уақытылы дайындау қажеттігін айтып, сот отырыстарын міндетті түрде айдио-,бейне жазу арқылы уақытылы жүргізуді тапсырды.
Семинарда  «Төрелік» ақпараттық жүйесінің жұмысы туралы, кіріс, шығыс, ішкі құжаттарды жасау тәртібі, электронды мұрағат жүргізу туралы, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерді тіркеу, жүйеде іске қатысушылар туралы мәліметтердің толық енгізілуі, іс жүргізу мерзімдерін сақтау, статистикалық есептілікті жүргізу туралы түсіндірме жүргізілді.
Семинар соңында қатысушылар ақпараттық жүйеде туындайтын мәселелерді айтып, оның шешу жолдарын талқылады.
                                          
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі