Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданылуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сарысу аудандық тілдерді оқыту орталығында «Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шараға   кеңсе  меңгерушісі Г.Несипбекова, Сарысу аудандық тілдерді оқыту орталығының меңгерушісі Гүлзат Сәрсенбиева, оқытушылар Ақназарова Фариза, Қонысбаева Жансая және аудандық орталықтандырылған кітапхананың қызметкерлері  мен сот кеңсесінің мамандары қатысты.
Іс-шара барысында кеңсе меңгерушісі Г.Несипбекова мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болып  табылатынын айтып өтті. Қазақстан Республикасында барлық тілдер мен мәдениеттердің дамуына қолайлы орта мен жағдай жасалып, жақсы жолға қойылғандығын, мемлекеттік тілді дамыту – осы мемлекетте тұрып жатқан әрбір азаматтың қасиетті борышы және негізгі міндеттерінің бірі екендігін, еліміз егемендік алған уақыттан бастап қазақ тілін дамытуға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінгендігін  айтты.  
Сондай-ақ іс-шара барысында жетекші маман Т.Тұрсынбек Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі екендігін, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатынын айтып,  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің талаптарына  сәйкес, Қазақстан Республикасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізілетінін, ал қажет болған кезде іс жүргізуде орыс тілі немесе басқа да тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылатынына тоқталып өтті.
Дөңгелек үстел соңында шараға қатысушылар  өзара пікір алмасып, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
 
Қайнар: Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі