Меркі аудандық сотының қызметкерлері Меркі қалашығына барды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру шеңберінде, сонымен қатар, сот қызметкерлерінің рухани-мәдени танымын кеңейтіп, патриоттық сана-сезімін арттыру мақсатында Меркі  аудандық сотының қызметкерлері «Меркі қалашығы» көне қаласына  экскурсия ұйымдастырды.
Меркі қалашығы- алғашқы тарихи атын сақтап қалған ежелгі қалашықтың бірі. Ол алғашқы рет  IX- X ғ.ғ.  Кудама Ибн Хордадбектің қолжазбаларында аталады. Ол оны үлкен елді мекен деп атаған. Одан кейін қалаға неғұрлым тыңшылықты сипаттама берген ортағасырлық араб тарихшысы әл- Макдиси болды. Ол «Мирки орташа аумақты  бекемделген ішкі қамалы бара қала. Алқалы мешіті ертеде шіркеуі болған» деп жазған болатын.
Қалаға жүргізілген ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижесінде беделді өрнегі бар қарапайым  жасалған қыш ыдыстардың табылуы Меркінің пайда болу мерзімін VII- XIII ғ.ғ. жатқызуға мүмкіндік береді.
Экскурсия соныңда сот қызметкерлері жиналған құнды экспозициялар мен өлкетану материалдары жас ұрпақты туған жердің тарихымен жан-жақты таныстыруға ықпал етеді деген тұжырымға келді
 
Қайнар: Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі