«Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – мемлекеттік мекемелердің алдындағы басым бағытты мақсат»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – мемлекеттік мекемелердің алдындағы басым бағытты мақсат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға сот төрағасы А.Тлепов, судьялар К.Кенжебеков, А.Маликова, Л.Ильясова, кеңсе меңгерушісі Қ.Назарқұлова, сот қызметкерлері, Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Б.Доскулов қатысты.
Іс-шара барысында бас маман Г.Саутова мемлекеттік тіл – мемлекет аумағындағы бүкіл қоғамдық қатынастардың барлық салаларында әрекет ететін, іс жүргізу және сот ісін жүргізу, заң шығару, мемлекеттік басқару тілі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі болып табылады, және мемлекет пен қоғамның онсыз өмір сүруі мүмкін емес, деп атап өтті.
Бас маман Г.Саутова Қазақстан Республикасында барлық ұлттың тілі мен мәдениетін дамытуға кеңінен жағдай жасалған. Мемлекеттік тілді дамыту – әрбір азаматтың парызы және міндеті. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. Осыған орай мемлекеттік мекемелердің  алдына мемлекеттік тілдің қолданылуын ары қарай дамыту жөнінде міндет қойылды және біз осы міндетті орындауға тиіспіз, деп айқындап өтті.
Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі, қажет болған жағдайда орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Мемлекеттік тілді дамыту үшін іс жүргізу құжатының барлығы мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс, деп көрсетті Г.Саутова.
Іс-шара соңында қатысушылар тақырып аясында пікір алмасты.
 
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі