Көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (әрі қарай ҚР ҚК) (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпталған А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, сотталушы А. 10.08.2017 жылы 21.20 сағат шамасында алкогольден масаң күйде «БМВ-525» маркалы автокөлік кұралын Айша бибі-Тараз тас жолында жүргізіп келе жатып, басқару тетігін игере алмай, аударылып жол көлік оқиғасын жасап, полиция қызметкерлерімен ұсталған. 
Сот мәжілісінде, сотталушы өзінің кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдірген.
Сот үкімімен А. ҚР ҚК-нің 346 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 56725 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.            
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі