Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Меркі  аудандық сотында   Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5 бөлігімен (ӘҚБтК тексті бойынша)   Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы немесе жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) әкімшілік істер қаралды.
Іс-құжаттарынан анықталғандай А.А.,  З.Ж., О.С.,  А.Х.,  Өзбекстан Республикасының азаматтары бола тұра, жұмысқа  орналасуға  рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін  жүзеге асырған. Бұл жағдайда  Қазақстан Республикасының  халықтың  көші- қоны  саласындағы  заңнамасын бұзуы  немесе жұмысқа орналасуға  рұқсат алу еңбек қызметін  жүзеге асыруға қажетті  шарт болып табылады.   
Меркі  аудандық сотының қаулысымен, құқық бұзушылар А.А.,  З.Ж., О.С.,  А.Х  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға  әкімшілік жаза ретінде Қазақстан Республикасының  шегінен әкімшілік жолмен  шығарып жіберу  жазасы тағайындалды.
Қаулылар  заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Меркі  аудандық  сотының баспасөз қызметі