Бұзақылығы үшін айыпталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық №2 сотында ҚР ҚК-нің  293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен  /бұзақылық/ айыпталып сотқа берілген Б-ға қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.
Іс материалынан, 20.07.2017 жылы шамамен сағат 13.30 сағатта, сотталушы Б. сотқа берілмеген тұлғамен алдын-ала сөз байласу бойынша Тараз қаласы, Көшеней көшесіде орналасқан «А» сауықтыру орталығына келіп, сауықтыру орталығының ішіне кірмекші болған. Бұл уақытта сауықтыру орталығының күзетшісі Т. демалуға келген адамдардың кассаға ақша төлеп кіруін қадағалап тұрған. Сол сәтте сотталушы Б. мен жәбірленуші Т. сөзге келіп қалған, соның салдарынан сотталушы Б-да  бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу туралы қылмыстық ойы туындап, қалтасында болған бәкімен Т-тің оң аяғынан екі мәрте ұрып, дене жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған. 
Басты сот талқылауы барысында сотталушы Б. өзіне тағылған айып бойынша қылмыстық әрекетін толық мойындап, оған тағылған айыпты және сотта анықталған мән-жайларды толық қуаттап, іс бойынша дәлелдемелерді дауламай, жасаған қылмысын шын жүректен мойындап өкінетіндігін, жәбірленуші оны кешіргенін, өзіне бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған.
Соттың үкімімен ҚР ҚК-нің  293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен Б. кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.  
    
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі