Билік өкiлiне қатысты күш қолданғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы Талас аудандық сотында Е.С.-ға  қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 380 бабы 1 бөлігі бойынша (әрі қарай ҚР ҚК) (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) қылмыстық іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылғы 29 маусымда сағат 02.30 шамасында  Сарысу аудандық орталық ауруханасының кіреберіс есігінің тұсында Сарысу аудандық ІІБ-нің полиция қызметкерлері Т.Ш. мен М.Е. мас күйінде  автокөлікті басқарған Ж.К.-ны  медициналық куәландырудан өткізуге апара жатқанда,  сотталушы Е.С. полиция қызметкеріне өзінің танысын  босатуды сұраған. Оны тыңдамаған полиция капитаны А.Ж.-ны сотталушы Е.С. балағаттап,  полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіріп, оларды былапыт сөздермен балағаттап, полиция қызметкерлерінің өз лауазымдық міндеттерін атқаруына кедергі жасап, талаптарын орындамаған. Полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындап жатқанын біле тұра, өзінің заңсыз іс – әрекетін жалғастырып, билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық әрекеттер жасаған. Осылайша  полиция қызметкері А.Ж.-ға  жеңіл дене жарақатын келтірген.
Сот үкімімен сотталушы Е.С. ҚР ҚК-нің 380-бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 1 (бір) жылға бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындала отырып, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда, бірақ жылына сексен сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылып, тағайындалған жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.                           
                                                                                    
Қайнар: Талас аудандық сотының баспасөз қызметі