Байзақ аудандық сотында «Заңды маңызы бар фактілерді анықтауда туындайтын мәселелер» бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байзақ аудандық сотында төраға м.а. Д.Тасыбаевтың қатысуымен «Заңды маңызы бар фактілерді анықтау туралы істерді қарауда туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Сарыкемер ауылдық округінің әкімі С.Тлеукулова, Әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімінің басшысы М.Биторсыхов, АХАЖ бөлімінің өкілі және адвокаттар қатысты.
Дөңгелек үстелде сәлемдесумен сөз алған Д.Тасыбаев, дөңгелек үстелдің мақсаты  соттардың мемлекеттік ұйымдармен өзара байланысын жетілдіру, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының құжаттандыру, туыстық қатынастарын анықтау, еңбек өтілін анықтау бойынша өзекті сұрақтарын анықтау, нәтижесінде мәселелердің сапалы беруіне оң әсер етіп, оның салдарынан азаматтық дауларды дер кезінде шешілетінін айтты.
Дөңгелек үстел шеңберінде қатысушылар фактілерді анықтау мәселелері бойынша негізгі талаптар мен шарттарды талқылады. Мысалы, өз сөзінде адвокат А.Оспанов азаматтығы жоқ Ауған Ислам Республикасынан келген тұлғаның Байзақ аудандық сотымен туыстық қатынастары анықталғанын айтты. Бұл туыстық қатынасты анықтау аталған тұлғаның алты баласының туу туралы куәліктерін алу үшін қажет болған, демек сотта отбасының өзекті мәселесі өз шешімін тапқан.
Кездесу соңында қатысушылар арасында пікірталастар өткізіліп, жұмысты жақсарту мақсатында ұсыныстар мен ұсынымдар келтірілді.
 
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі