Жамбыл облысының соттарында сенбілік өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының судьялары және сот қызметкерлері, жалпыреспубликалық сенбілікті қолдап, қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі сот алқаларының төрағалары Нұрмұхаммат Абидовтың және Жомарт Рүстембековтың, Соттар әкімшісінің басшысы Берік Құлтасовтың бастамасымен, маңайдағы аумақты санитарлық  күйде ұстау және абаттандыру бойынша іс-шараға қатысты.                          
Сенбілік жоғарғы деңгейде өтті. Сенбіліктің әр қатысушысына еңбек құралдары ұсынылды. Судьялар мен мамандар талдардан түскен жапырақтар мен таяқтарды жинап, соттар ғимаратының маңайдағы аумақтарын ретке келтірді, алдыңғы бақтарды тазалады, гүлзарларағы гүлдерді тыңайтып және су құйды, терезелерді жуды. Соттар төңірегін жинап болғаннан кейін, мамандар соттар ғимаратындағы кабинеттермен айналысты, әрбір маман өзінің жұмыс кабинетін ретке келтірді.
Осылайша, облыстың барлық аудандық және оған теңестірілген соттарында тату ал ең бастысы нәтижелі сенбілік өтті.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі