Жамбыл облысының сот корпусы масс-медиа өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облыстық сотының алқа төрағалары, Жамбыл облыстық сотының БАҚ-пен іс-қимылды өзара үйлестіруші судьясы Г.Сыздыкова, Жамбыл облысы бойынша соттар Әкімшісінің басшысы Ә.Құлдүйсенов, Жамбыл облысы бойынша соттар Әкімшісі басшысының орынбасары Г.Тұрдыева, қалалық соттың төрағалары мен үйлестіруші-судьялары масс-медиа өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу Тұжырымдамасы қабылданған.
Тұжырымдамада соттардың масс-медиамен өзара жұмысы бойынша ағымдағы ахуал талданып, соттардың БАҚ-пен өзара іс-қимылының негізгі қағидаттары мен мақсат-міндеттері айқындалды. Атап айтқанда, құжатқа сәйкес облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары жергілікті соттардың қызметін ақпараттық сүйемелдеу жұмысын ұйымдастыруға дербес жауапты болып табылады, сондай-ақ нақты өңірдегі сот жүйесінің негізгі спикері ретінде БАҚ-пен өзара іс-қимыл бойынша үйлестіруші-судьялардың міндеттерін айқындайды.
Тұрғындардың соттарға деген сенім деңгейін арттыру, осы жұмысқа сот корпусының өкілдерін тарту, сот жүйесінің қызметі туралы ақпараттық материалдарды әзірлеу сапасын жақсарту, БАҚ өкілдерін сот ақпаратымен жұмыс істеу ерекшеліктеріне оқыту Тұжырымдаманың негізгі міндеттері болып табылады. Бұған қоса, үйлестіруші-судьялар мен соттардың баспасөз қызметінің қызметкерлерін масс-медиамен жұмыстың дағдыларына оқытуды ұйымдастыру көзделіп отырғанын»,- Г.Сыздыкова өз сөзінде атап кетті.
Алқа төрағалары соттар қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік материалға тілшілер арасындағы байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.
Байқаудың комиссиялары 12 номинация бойынша соттар қызметі жайында мерзімді басылымдардағы үздік жарияланымды марапаттады:
«Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры – Төлепберген Мейрамбек Мылтықбайұлы «Жамбыл облысы соттарының қызметін Үздік теледидарлық жарықтандыру», 77 tv телеарнасы директорының орынбасары – Қуатова Зарина Пердыбекқызы «Жамбыл облысы соттарының қызметін Үздік теледидарлық жарықтандыру», «Знамя труда» Жамбыл облыстық газетінің тілшісі – Кукен Оршабеков «Жамбыл облысының Өңірлік Орталық коммуникациялар Қызметінде өткізілген іс-шаралардың Үздік жарықтандырушысы», «Время» республикалық газетінің тілшісі – Галина Выборнова «Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының VІІІ аймақтық спартакиадасын Үздік жарықтандырушысы», «Қазақстан Тараз» радиосының бас редакторы – Молдабекова Қырмызы Жексенбековна «Заң және Біз» радио-бағдарламасының эфирінде облыс соттарының қызметін Үздік жарықтандырушы», «Ақ жол» Жамбыл облыстық газетінің тілшісі Маржан Рақай – «Соттар қызметіндегі заманауи ақпараттық технологияларды жарықтандыру бойынша Үздік мақала», «Жамбыл Тараз» қоғамдық-саяси апталық газетінің тілшісі Макарова Ольга Александровна «Жамбыл облыстық соты төрағасының onlinе-конференциясын Үздік жарықтандырушы», «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының тілшісі Эльдар Гизатуллин – Қазақстан Тараз облыс соттарының жұмысына енген жаңа ақпараттық технологияларды жарықтандырған «Заң және қоғам» Үздік бағдарламасы» номинациясы, «KAZINFORM» Халықаралық Ақпараттық Агенттігінің тілшісі – Скрипник Галина Всеволодовна «Соттар қызметінің Үздік жаңалықтар таспасы», «Арай» Жамбыл облыстық газетінің тілшісі Сұлтанбеков Тұрсынбек – «Жамбыл облыстық сотының қызметі жайындағы Үздік мақала», «Магнолия» апталық облыстық газетінің бас редакторы – Перекольская Людмила Владимировна «Татуластыру рәсімдерін жетілдіру саласындағы ынтымақтастық туралы Үздік мақала», «Казахстанская правда» республикалық газетінің тілшісі Михаил Те – «Жамбыл облыстық соты туралы Үздік авторлық очерк» номинациялары бойынша марапатталды.
Соңында аталғандарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Тілшілерді олардың кәсіби мерекелерімен құттықтау облыстың басқа да соттарында өз жалғасын тапты.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі