Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында атқару парақтарын электронды түрде жолдау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мемлекеттік қызметшілердің арасында «Атқару парақтарын электронды түрде жолдау механизмі» тақырыбында семинар өткізілді.
Бас маман-сот отырысының хатшысы Б.Нұрәлі сот мамандарына  «Төрелік» сот органдары ақпараттық жүйесі арқылы электрондық атқару парағын жолдау тәртібін түсіндірді. Баяндамашы өз баяндамасында, электронды атқару парақтары әділет басқармасына жіберілуде, ал жеке сот орындаушыларының ерекше құзыретіне жататын атқарушылық құжаттарды да электрондық түрде жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына жіберілуде. Олар өз кезегінде атқарушылық құжаттарды Қағида бойынша жеке сот орындаушыларының арасында бөледі, ал сотқа өндіріп алушыдан арыз түскен жағдайда атқарушылық құжат арыз да тікелей көрсетілген жеке сот орындаушысына жіберіледі.
Семинар соңында кеңсе меңгерушісінің м.а. А.Керимова сот тактілерін  өз уақытында орындауға жолдап және сот актілерін орындау кезінде мемлекеттік баж өндіру бөлігіне ерекше назар аударды талап етті.
 
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі