Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі және Жамбыл облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаменті өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бүгін Соттар әкімшісінің бастамасымен Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Берік Құлтасов тұлғасында және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Данияр Медетбеков арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министірлігі арасында жасалған бірлескен бұйрыққа сәйкес, 1 қыркүйектен бастап  «Соттарда электрондық цифрлық қолтаңба алу» жобасы Тараз қалалық сотында Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы М.Раимбековтың қатысумен іске қосылды.
Жобаның басты мақсаты электрондық сот өндірісін дамыту, сот төрелігіне қолжетімді ету, қағаз құжатайналымын айзайту болып табылады.
Осы қызметті пайдалана отырып, азаматтар сот ғимаратында орналастырылған Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне жүгініп, электрондық цифрлық қолтаңбаны ала алады, қолтаңба арқылы «Сот кабинеті» сервисімен өз талап-арызын немесе өзге де арыздарды сотқа жолдай алады.
 Іс-шара барысында тараптар пилоттық жоба жұмысы бойынша түйінді мәселелерді талқылады, осы бағыттағы алдағы жұмыстар оң нәтижелер береді деген нық сеніммен тығыз ынтымақтастыққа дайын екендігін меморандумға қол қою арқылы білдіре отырып,  алдыға  қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда бір-біріне жемісті жұмыс пен мол табыстар тіледі.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі