Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі «Атқарушылық іс жүргізу органдарымен Автоматтандырылған ақпараттық жүйені ықпалдандыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс-шараға Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Берік Құлтасов, Жамбыл облысы соттар әкімшісінің Талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы Камшат Сүлейманқұл, Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Мухит Раимбеков, Талдау және жоспарлау бөлімінің маманы  Индира Сәрсенбиева, Жамбыл облысы  Әділет Департаменті басшысының орынбасары Жайықпай Шалдарұлы, Жамбыл облысы  жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының төрағасы Абзал Ережепов, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттардың мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
Берік Құлтасов өзінің алғы сөзінде өткізіліп отырған іс-шараның маңыздылығын атап айтып, сот жүйесі мен сот орындаушылардың арасында сот шешімдерін орындауға жолдау және орындау бойынша туындаған мәселелердің шешімін табу қажеттігін көрсетті.
Ары қарай Индира Сәрсембиева өз баяндамасында облыстық соттың талдау және жоспарлау бөлімінің статистикалық мәліметтерін жариялады, соған сәйкес 2017 жылдың 7 айында 12 017 атқару құжаттары орындауға жолданған, оның ішінде 6097 атқару құжаты орындауға алынған болса, ал 2198 атқару құжаттары қозғаудан бас тартылған, оның ішінде  1220 атқару құжаттары, яғни 55,5 %  сот орындаушылардың тарапынан негіссіз қозғаудан бас тартылып, кері қайтарылған  болса, 358 атқару құжаттары 16,3 % сот отырысының хатшыларының тарапынан жіберген кемшіліктер бойынша қозғаудан бас тартылып кері қайтарылған. Сонымен қатар,  жүйелік қателіктерге байланысты «системная ошибка» - 613 атқару құжаттар, 28,0% кері қайтарылған.
Сонымен, дөңгелек үстел барысында қатысушылармен сот актілерінің орындалуындағы күрделі мәселелердің шешілу жолдары белсенді түрде талқыланды, барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді, атқару құжаттарының негізсіз қайтарылуына жол бермеу бойынша біріңғай тәжірибе қалыптастырылды.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі