Жамбыл аудандық сотында «Жер дауына қатысты азаматтық істерді қарау барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотында «Жер дауына қатысты азаматтық істерді қарау барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында сот төрағасы Д.Толенбековтың, судья Х.Қосалиеваның, Жамбыл ауданы прокурорының орынбасары А.Асылбековтың,  Жамбыл аудандық Әділет басқармасының басшысы Н.Құлманова, Тараз қалалық Әділет басқармасының басшысының орынбасары Н.Ақынбекова, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының бас маман-заңгері Е.Қалисаевтың, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы М.Байдалиевтің, жер қатынастары бөлімінің бас маманы К.Қалжанбаеваның, Жамбыл облысы бойынша жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру Департаментінің Жамбыл аудандық бөлімшесінің бас маманы Г.Әлімқұловтың, «Садоводческое товарищество «Атамекен-Тараз» ӨК төрағасы О.Самбетовтың, адвокат Ф.Бекмухамбетованың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
«Жер дауларын дұрыс әрі уақытылы шешу өз кезегінде жерге байланысты құқықтық қатынастарды дамыту мен жетілдіруге, сонымен қатар, әлеуметтік-саяси қоғам дамуына әсер етеді.
Елбасы Н.А.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында дамыған 30 елдің қатарына ену үшін тиімді жер нарығын құрудың маңыздылығын атап өткен. Сол себепті соттар мен барлық құзырлы мекемелер өз кезегінде жерге қатысмты заңнамаларды дұрыс қолдануы қажет, туындаған мәселелерді сотқа дейін реттеуі қажет»- деп сот төрағасы Д.Толенбеков атап өтті.
Судья Х.Қосалиева өз баяндамасында қатысушыларға жер дауларына қатысты сот тәжірибесіне, осы дауларға қатысты істерді қарау категориясына тоқтап, жер дауына қатысты заңнамаларды қолдану тәртібін айтты.
Сонымен қатар, «Садоводческое товарищество «Содружество» өндірістік кооперативінің 321 бақша өкілдерін құжаттандыру туралы мәселелерін талқылап, кооператив мүшелеріне заңды тұлғаны тіркеу, атауын өзгерту туралы түсіндірме берілді. 
Дөңгелек үстел соңында туындаған сұрақтар бойынша қатысушылар арасында өзара пікір алмасып, талқылау жүргізілді.
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі